Ардагерлермен кездесу

Жәңгір хан университетінде мұнай-газ ісі саласының ардагерлерімен кездесу өтті.

Шараға қонақ ретінде «Қазақстанның мұнайшы-геологтар қоғамы» БҚО филиалының басшысы Әбілқасым Батыров пен «Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры  Балтабек Махуов шақырылды. Сондай-ақ кездесуге  В071-«Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру», В271 «Мұнай-газ ісі» білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.

Сала ардагерлері өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, еңбек жолдарындағы қиындықтар, тығырықтан шығу жолдары туралы әңгімеледі.  Сондай-ақ оқытушылар мен ардагерлер арасындағы диалог негізінде сала бойынша ғылыми-зерттеулер мен жобаларға практикалық бағыт-бағдар берілді.

Кездесу барысында мұнай-газ ісі саласының ардагерлері Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарын алғашқы ашушылар туралы кітаптың бірнеше данасын Жәңгір хан университетінің кітапхана қорына табыстады.

📚 Loading…