Жәңгір хан университетінде 9-31 қазан, 4-22 қараша және 25 қараша мен 13 желтоқсан аралықтарында «Геокеңістік мәліметтер базасын құрудағы ГАЖ технологиялары» біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
«6В08301 – Ландшафттық дизайн» және «6В08300 – Орман шаруашылығы және ресурстар» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушыларына доцент м.а. Зәмзәгүл Амангелдіқызы «Геокеңістік мәліметтер базасын құрудағы ГАЖ технологиялары» тақырыбында курс өткізді, курстың соңында тыңдаушылар 36 сағаттық куәлікпен марапатталды, тыңдаушылар ArcGIS-бағдарламасын жетік меңгеріп біліктіліктірін арттырды.
ArcGIS деректерді, карталарды, глобустарды және мобильдерді жұмыс үстеліндегі бағдарламалдық өнімдерде оңай құруға, содан кейін оларды жариялауға және жұмыс үстеліндегі қосымшаларда, веб-браузерлерде мобильді құрылғылар арқылы пайдалануға мүмкіндік береді. ArcGIS-ті бүкіл әлемдегі адамдар геаграфиялық білімді мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім және БАҚ-тың практикалық саласында қолдану үшін пайдаланады.