Аралас оқыту жағдайын меңгерді

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті КЕАҚ «ЖОО-дағы коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында білім сапасын арттыру құралы ретінде аралас оқыту» тақырыбындағы оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша оқыту курсы аяқталды.
Бұл бағдарлама «Advanced Centre for PhD students and young researchers in informatics (ACeSYRI) Erasmus + жобасы шеңберінде жүзеге асырылды. Бағдарлама авторы – «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің доценті, п.ғ.д. О.В.Насс. Бағдарламаға профессор-оқытушылар құрамын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының (Нұр-Сұлтан, Семей, Атырау, Қостанай, Орал, Хромтау), Ресей Федерациясының (Мәскеу, Пенза, Саратов) 15-тен астам жоғары оқу орындары мен колледждерінің ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибелі мамандары қатысты.
Оқыту барысында тыңдаушылар аралас оқыту жағдайында оқу процесін ұйымдастыру мәселелерімен танысты, жоғары және кәсіптік білім беру жүйесінде аралас оқытуды тиімді жүзеге асырудың шарттарын анықтады, білім берудегі цифрлық ұрпақ үшін педагогикалық технологияларын және әлеуметтік медиа қызметтерін, білім беру ұйымдарында аралас оқытудағы сандық құралдар, оқыту дизайны және бағалау түрлерлерін игерді. Соңында тыңдаушылар өздерінің аралас оқу жобаларын дайындады. Тренинг ocs.wkau.kz платформасында онлайн форматта ұйымдастырылды. Бағдарлама соңында тыңдаушылар бағдарламадан алған құзыреттіліктерді өз тәжірибелерінде қолданатындарын жеткізді.

Л.С.Таршилова
«Қосымша білім беру, біліктілікті арттыру» бөлімінің
басшысы

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу