Жәңгір хан университетінде бүгінгі жұмыс аптасы мерекелік көңіл күймен басталды. Университеттің бас ғимаратында «Жастар бастамасын дамыту орталығы» мен «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының ұйымдастыруымен «Көрісу айт» мерекесі тойланды.
Ұлттық нақышта киінген білім алушылар мен институт ұжымы оқытушыларды, қызметкерлерді және студенттерді құрметпен күтіп алып, мерекелік дастарқаннан дәм ұсынды. Барлығы бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып, ізгі тілектерін жолдады.
Мұндай мерекелік іс-шаралар ертемен университеттегі өзге институттар мен орталықтарда да жалғасын тапты.