«Алтын доп – 2025»

Университетіміздегі «Индустриалды-технологиялық институтының» оқытушылары мен студенттері арасында дәстүрлі «Алтын доп – 2025» футзал турнирі өткізілді.

Шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ командалық рух пен достық қарым-қатынасты нығайту. Турнир қорытындысы бойынша 2-курс студенттерінің құрама командасы жеңіске жетті. Ал 1-курс студенттері екінші орынды иеленсе, ИТИ оқытушылар құрамы үшінші орынға тұрақтады. 

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тартысты ойын көрсетті. Спорттық шараны институты оқытушылары мен «Сұңқар» спорт клубы бірлесе ұйымдастырды.

Loading…