Қазақстандықтардың өзара татулығы, береке-бірлігі дәріптелетін осынау мейрамға арналған Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті студенттерінің мерекелік лебізін қабыл алыңыздар.
Бүгінгі таңда аталмыш оқу орнында 16 ұлттың өкілдері білім алуда. Бір шаңырақта тәлім алып жүрген жастар достық қарым-қатынасты жоғары бағалап, ел бірлігін нығайтуға өз үлестерін қосары сөзсіз.
Мереке құтты болсын! Білімді жастар жасасын!