АҚШ университетінің заманауи зертханасында болды

Жәңгір хан университетінің доцент м.а. Арайгүл Жұмаева биылғы жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында АҚШ -тың Мериленд университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясындағы «500 ғалым» жобасының грантын иеленген Арайгүл Қажмұқанбетқызы американдық Мериленд университетінде «Азық-түлік қауіпсіздігін бағалау және бақылаудағы микроорганизмдердің геномдық зерттеулері» атты тақырыпта ғылыми тағылымдамадан өтіп, өзінің білімін толықтырды.

 Арайгүл Қажмұқанбетқызы Мериленд университетінің қауымдастырылған профессоры Мостафа Ганемнің жетекшілігімен «Молекулярлық эпидемиология» заманауи зертханасында болып, білім-ғылым бағытындағы тәжірибелермен танысты.

Әріптесіміз ғылыми тағылымдамасының сәтті өтуіне қолдау білдірген Мериленд университетінің ұжымына алғысын білдіреді. Сондай-ақ американдық жоғары оқу орны мен БҚАТУ арасындағы халықаралық байланыстың одан әрі нығая түсеріне сенімді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу