Бүгін Жәңгір хан университетіне «Fullbright» шәкіртақысы аясында АҚШ-тың Огайо штатындағы Оберлин колледжінен (жеке гуманитарлық университет) Джошуа Боуен (Joshua Bowen) есімді волонтер келді.
Университетіміздегі халықаралық ынтымақтастық бөлімінің мәліметінше, американдық волонтер бір жыл бойы студенттеріміз бен оқытушыларымыздың ағылшын тілінен білімдерін жоғарылату бағытында жұмыстанады. «Fullbright» бағдарламасына алты жылдан бері қатысып келе жатқан Жәңгір хан университеті осындай миссиямен келетін алтыншы волонтерді қабылдауда.
«Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Осындай мүмкіндікке ие болғаныма қуаныштымын. Нәтижесінде қос тараптың ынтымақтастығы нығая түседі деген ойдамын» – дейді Д.Боуен.
Ал «Fullbright» шәкіртақысы – АҚШ елшілігі ұйымдастыратын бағдарлама.