АҚШ азаматшалары Жәңгір хан университетінде

2 қыркүйек күні университетімізге Америка Құрама Штаттары Елшілігі өкілі Айнур Сембаева, Мемлекетаралық келісім негізіндегі Fulbright бағдарламасының шәкіртақы иегерлері, АҚШ азаматшалары Franziska Winter Nace және Kristina McCarthy келді.

Қонақтар Басқарма төрағасы-ректор Асқар Мырзахметұлы Наметовпен кездесіп, Халықаралық ынтымақтастық бөлімімен, Жәңгір хан музейімен, Тілдерді дамыту орталығымен таныс болды.

Алдағы уақытта Franziska Winter Nace университетіміздің студенттері мен оқытушыларына ағылшын тілін дамытуға бағытталған Speaking clubs өткізіп тұрады.

Барлық сұрақпен Халықаралық ынтымақтастық бөліміне  жолығуыңыз сұралады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу