Акцияға үн қосты

Бүгін Жәңгір хан университетінің ұжымы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына өз үлестерін қосты.

Жоғары оқу орны ұжымы әлеуметтік көмекті қажет ететін университет қызметкерлерінің және Зачаганск кентіндегі ЖОББ №20, №10, №47 мектеп ата-аналарының балаларын мектепке дайындау барысына қолдау көрсетті. Балалардың жүзіне қуаныш ұялатар іс-шарада сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов қайырымдылық жасау – ата-бабамыздан жалғасқан ізгі дәстүр екенін атап өтті. Сонымен қатар ата-аналарға перзент қуанышын тілеп, балаларға сабақта үздік болуға тілектестік білдірді.

Акция аясында 21 оқушыға оқу құралдары салынған сөмкелер тарту етілді. Ата-аналар осындай қайырымды іс жасаған білім ордасының басшылығына ризашылықтарын білдірді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу