Биылғы жылдың 8 мамырында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Комиссия құрамына университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен қоғам өкілдері кірді. Отырыс барысында академиялық ұтқырлық бойынша гранттық орындарға үміткер сегіз студенттің құжаттары қаралды. Әрбір үміткер өздерін таныстырып, қай шетелдік жоғары оқу орнында білім алуды жоспарлап отырғандарын айтып өтті.
Құжаттарды жан-жақты зерделеу және сұхбаттасу нәтижелерін ескере отырып, негізгі және резервтік тізім жасақталды.
Негізгі тізімге енген студенттер:
- Уразалин Айхан – СТР-22 тобының студенті (орташа балл 30,5)
- Соловей Феликс – ЭС-32 тобының студенті (орташа балл 22,29)
- Нұрқожақызы Назерке – ЛД-21 тобының студенті (орташа балл 17,36)
- Меңдешов Дәулет – КД-21 тобының студенті (орташа балл 17,0)
- Мерханов Ернар –ИС-24 тобының студенті (орташа балл 16,43)
Резервтік тізім:
- Қобланды Камилла – ПЭ-22 тобының студенті (орташа балл 14,71)
- Темірболат Алмат – БЖП-31 тобының студенті (орташа балл 12,93)
