4-6 маусым аралығында Ташкент қаласында ересектер арасында әскери самбодан өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғаған Жәңгір хан университетінің студенті Әділбек Сеисов 3-орынды иеленіп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Әділбек бұл жарыста 64 келі салмақ дәрежесі бойынша үш белдесу өткізіп, түркімен және қырғыз балуанын жеңіп, соңғы сында қазақстандық спортшыдан ғана жеңіліс тапқан.
Спортшыны Азия чемпионатына дайындаған жаттықтырушысы – Нұфтолла Түменов. Алда Әділбек Сеисовты Әлем чемпионаты күтіп тұр. Әрбір жеңілісінің өзінен жігер алатын спортшыға әлемдік додада сәттілік тілейміз.
Еске сала кетсек, Ә.Сеисов – Жәңгір хан университетінде «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» мамандығы бойынша білім алып жүр.