Жәңгір хан университетінде «Жер қатынастары және жерге орналастырудың тұрақты дамуы: 30 жылдық тәжірибе мен болашақ бағдар» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.
Ғылым айлығы аясында «Жерге орналастыру» және «Кадастр» білім беру бағдарламаларының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жұмыс беруші компания өкілдері, бизнес серіктестер, түлектер қатысты.
Шара барысында Жәңгір хан университетіндегі «Жерге орналастыру және кадастр» мамандықтарының құрылу тарихы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар «Жерге орналастырудың тұрақты даму қағидаттары және оларды іске асыру тәжірибесі», «Жерге орналастырудың қазіргі жағдайы және даму перспективалары», «Жерге орналастыру жұмыстарын жетілдірудің инновациялық әдістері» тақырыбында баяндамалар оқылды.

