«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары









Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен берілетін гранттарға өтініштер қабылдау жалғасуын хабарлайды. Өтініш қабылдау 20-шы тамызға дейін жүреді. Грантқа үміткер ретінде әлеуметтік статусы бойынша келесі категориялар қатыса алады:

– ауылдық жерлерден, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған азаматтар;

– жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

– мүгедектігі бар адамдар;

– мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан адамдар;

– 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

– 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар; – төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

Толық ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы білуге болады:

Тел. (7112) 50-21-42, 50-24-01

WhatsApp +7 777 268 00 77, +7 701 689 59 79

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу