Гуманитарлық, спорт және әскери даярлық факультеті

Университеттің даму стратегиясында болашақ мамандарды даярлаудың басты бағыттары кәсіби бағдар жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру арқылы шығармашыл, дарынды студенттерді тарту, кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді ұйымдастырылуы, зерттеу дағдыларын дамыту, кәсіби қызметте жоғары сапалы инновациялық білім құралдарын жасауға дайын болуды қалыптастыру.

Осы стратегиялық бағыттарды жүзеге асыру мақсатында 2025-2026 оқу жылының басында университеттің педагогикалық, профильді және тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамының әлеуетін қайта қарап, кәсіби қызмет саласында белгіленген міндеттерді орындау үшін құрылымдық бөлімшелерді қайта ұйымдастыруды шешті. Қайта құрылымдау нәтижесінде университеттің үш басым құрылымдық бөлімшесі біріктірілді: Педагогикалық кадрларды даярлау мен кәсіби білім беру орталығы, Тілдерді дамыту орталығы және Әскери кафедра, олар болашақ педагогтарға моральдық және патриоттық қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Педагогтардың бірлескен жұмысы кәсіби-педагогикалық қызметті сапалы орындауға, студенттердің салауатты өмір салтын сақтауына бағытталған. Осы шаралар гуманитарлық, спорттық және әскери даярлық факультетінің жаңа құрылымдық бөлімшесінің негізін қалауға ықпал етті.

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, факультеттің басқару қызметін жүзеге асыру доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты К.А. Байдалиев жетекшілік етуде. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, студенттердің контингентін қалыптастыру, оқу және тәрбие процесін жүзеге асыру, бақылау әдістерін енгізу мен білім сапасын жақсартуды басқару академиялық бағдарламалар комитетінің төрағасы, декан орынбасары, аға оқытушы, магистр Ж.Ж. Габбасованың жауапкершілігіне жүктелген.

Бұл құрылымдық бөлімдердің тарихи қалыптасуы оқу орнының оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асырумен шектелмей, олардың жас мамандарды даярлауға ғылыми-педагогикалық біліктіліктерін үздіксіз жетілдіруге, материалдық ресурстарын жасауға, қоғамдық ортаға өздерінің ғылыми-зерттеу жетістіктерін насихаттауға, жас мамандарды даярлауға үлестерін қосып, өміршеңдік қабілеттерін көрсетіп, сол ұжымдық ортадан біршама ғалым, ұстаз және білікті басшылар пайда болып, университеттің дамуына үлкен үлестерін қосып келді.

Университеттің маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі – «Рухани жаңғыру» орталығы, ол 2024-2025 оқу жылынан бастап «Көркем технологиялық және кәсіби білім беру» жоғары мектебімен біріктірілді. «Рухани жаңғыру» орталығының құрылуы мен дамуы оқу орнымыздың ашылған кезінен бастап бастау алады. 1963 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының және қоғамдық ғылымдар кафедрасының ашылуымен «Философия және ғылыми коммунизм» кафедрасы құрылды. 1968 жылы бұл кафедра қоғамдық ғылымдар кафедрасынан бөлініп шықты. 2018 жылы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Рухани жаңғыру» орталығына өзгертілді.

Педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларымен пәндік мұғалімдерді даярлаудың алғашқы кезеңі 2008 жылы университеттің «Кәсіби және техникалық білім беру» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының «Кәсіптік оқыту», «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметінен басталған. 2020 жылдың маусым айында университет ректорының бұйрығымен педагог мамандарды даярлау міндетін Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтына берілді. Осы міндетті орындауға институттың құрылымында «Көркем-технологиялық және кәсіби білім беру» жоғары мектебі қалыптасты.

Факультет құрамына біріккен құрылымдық бөлімнің қалыптасу қадамы – «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ басқарма төрағасы-ректордың 12.02.2018ж. №28 §5 бұйрығымен «Қазақ және орыс тілдері» мен «Шетел тілдері» кафедраларының бірігуі негізінде Тілдерді дамыту орталығы құрылды. 1963 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының ашылуымен қатар, шет тілдері кафедрасы да жұмыс істей бастады. 2018 жылдың ақпанында бұл құрылымдық бөлімше университеттің барлық тілдік пәндерін біріктіретін Тілдерді дамыту орталы ретінде қайта құрылды. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап аталған орталықты аға оқытушы, п.ғ.м. магистрі А.Т.Искалиева жетекшілік етіп келеді.

Университеттің әскери кафедрасы 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №551 қаулысымен құрылды. 2023 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін кафедраны запастағы полковник Досмұхамбетов Руслан Қазбекұлы басқарады.

Бүгінгі таңда факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамында 1 ф.ғ.д., профессор, 7 ғылым кандидаттары (доцент), 2 PhD докторы, 1 ғылым кандидаты, 38 аға оқытушы, оның 16 магистр, 31 оқытушы, оның 11 магистр оқытушылық лауазымды қызмет атқарып келеді. Қосымша қызметкер ретінде басқа білім беру мекемелерінен 4 педагог аға оқытушы, 2 педагог оқытушылық лауазымға жұмысқа қабылданды. Факультеттің негізгі профессорлық-оқытушылық құрамында 62 педагог штаттық кестемен еңбек етіп келсе, 12 оқытушы университеттің басқа құрылымдық бөлімдерінен қосымша оқытушылық лауазымда қызмет атқаруда. 7 оқу-көмекші қызметкерлер оқу үдерісін материалдық, әдістемелік ресурстармен қамтамасыз етуге қолдау көрсетіп келеді. Факультет профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-педагогикалық потенциалын арттыруға жас оқытушыларға қолдау жасап, олардың ғылыми біліктілігінің артуына үздіксіз көңіл аударуда. Соның аясында 2 оқытушы Р.М Турдалиев. пен Н.С. Куспанов 2024 жылы «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша докторантураны бітіріп, қорғауға ұмтылса, 2 оқытушымыз М.А.Сулейменов пен М.С. Молдағалиева гуманитарлық мамандықтар бойынша докорантурада оқуда.

Білім алушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз етуге, олардың оқу-танымдық іс-әрекеттеріне үлгі болатын танымал тұлғалар да еңбек етеді. Олар оқытушылық қызметтерін, яғни, ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттерді орындаумен бірге, спорт әлемінде жоғары жетістіктерге жеткен спортшыларымыз да бар. Өз жігерлерімен, ұстанымдарымен үлкен спортты арман еткен біршама спортшыларды даярлаған, Республикадағы танымал педагог-ғалым, спортшылар, гир спортынан Азия Чемпионатының екі дүркін чемпионы Н.К.Коломоец, КСРО спорт шебері, аға оқытушы К.Д.Абишев, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы Н.Е. Нысанов.

Болашақ бастапқы әскери-технологиялық дайындық пәні мұғалімдерін даярлауға әскери кафедрада жоғары шенді 10 аға оқытушы, орта шенді 3 аға оқытушы, 2 кіші шенді оқытушылар қызмет етеді. Олардың кәсіби тәжірибесі жас білім алушыларға практикалық дағдыларды үйретуге үлкен әсерін тигізеді.

Факультеттің зияткерлік потенциалы Батыс Қазақстан облысының жалпы орта білім беру мекемелеріне педагогтарды даярлауға 6В01401 – «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру»(2008), 6В01405 – «Дене шынықтыру және спорт»(2022) 6В01404 – «Визуалды өнер, көркем еңбек және графика»(2021), 2025-2026 оқу жылы ашылған 6В01406 – «Еңбек технологиясы және кәсіби бағдар», 6В01407- «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметін көрсетіп келеді. Алғашқы екі білім беру бағдарламалары халықаралық және мамандандырылған акредиттеуден биылғы оқу жылы екінші рет сәтті өтіп отыр.

Әскери кафедра төмендегідей мамандықтар бойынша запастағы офицерлерді даярлайды: жалпы әскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану; зымыран әскерлері мен артиллериясы бөлімшелерін, бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану; инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану; аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру; құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру; автомобиль техникасын пайдалану және жөндеу; жалпы минаатқыштар бөлімшелерін жауынгерлік қолдану; жерүсті артиллериясының бөлімшелерін; бөлімдері мен құрамаларын жауынгерлік қолдану; ветеринарлық-санитарлық сараптама.

Студенттердің әскери дайындығы қосымша білім беру түрінде жүргізіледі. Оқу-тәрбие үдерісі теориялық және практикалық оқыту курстарынан, жас студенттерге арналған оқу жинағынан немесе студент қыздарға арналған кәсіптік практикадан тұрады. Қыздар запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша “Құрлық әскерлерінде байланыс ұйымдастыру”мамандығы бойынша оқиды. Офицерлерді даярлау бағдарламасы тегін және ақылы негізде, ал запастағы сержанттар бағдарламасы тек ақылы негізде жүзеге асырылады.

«Жангир хан» спорт кешені заманауи спорттық ғимараттармен жабдықталған, олар бір уақытта 12 спорт түрімен айналысуға мүмкіндік береді. Спорт кешенінде стадион, жүгіру жолақтары, гимнастикалық құрал-жабдықтар, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, күрес, фитнес, тоғызқұмалаққа арналған жабдықтар, сондай-ақ денсаулықты нығайту, күш жаттығуларымен айналысуға арналған тренажерлік залдар бар.

«Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының студенттері әскери кафедраның оқу аудиторияларында, тактикалық алаңда мамандыққа сәйкес пәндер бойынша сабақтарын өткізеді. Әскери кафедрада саптық алаң, тактикалық алаң, оқ ату және инженерлік, спорттық алаңдар, электрондық интерактивті тир, әскери техника, жабдықталған класстар, ауыр ұрыс техникасы, әскери-техникалық құрал-жабдықтар мен кітапхана қоры бар.

            2023 оқу жылы БҚО дизайнерлер қауымдастығымен әлеуметтік серіктестікте оқу-өндірістік шеберханасы ашылып, «Визуалды өнер, көркем еңбек және графика», «Еңбек технологиясы және кәсіби бағдар» білім беру бағдарламаларының студенттеріне білім берумен бірге, университет қызметкерлері мен қала тұрғындарына тігін саласында қызмет көрсетуде. Білім алушылардың визуалды өнердің академиялық курстарына үйрену арнаулы оқу шеберханаларында, замануи өнімдердің жобасын жасау курстары компьтерлік зертханаларда жүріп, оның материалдық үлгілерін тігін, ағаш, метал өңдеу жұмыстарына арналған оқу-өндірістік шеберханаларда орындап келеді. Университет, сонымен бірге бұйым алудың заманауи цифрлық технологияларымен жабдықталған станоктарда да білім алушылар тәжірибелік дағдыларды үйренуде.

Факультеттің жанынан 2024 жылы білім алушылар мен қызметкерлерге, Зашаған ауданындағы қала тұрғындарына әлеуметтік-психологиялық қолдау жасауға жеке психологиялық кеңес, тренингтер кабинеттері жұмыс істейді.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның қоғамдағы мәселелерін шешуге үлес қосып жатқан профессор-оқытушылар құрамы, өздерінің бейіндік ғылым салалары бойынша зерттеу нәтижелерін Халықаралық, Республикалық ғылыми басылым журналдарына жариялап, оқу үдерісінің білім беру сапасын жақсартуға бағытталған замануи білім беру мазмұнын құру ғылыми зерттеулердің нәтижесінен оқу және оқу-әдістемелік құралдарын шығаруда. Жас ғалым PhD докторы М.С.Джангужиев, доцент Е В.А.сенғалиева, аға оқытушылар М Д.С.уталова, Г.С.Саркулова.  Доцент К.А.Байдалиев, доцент Т.К. Мурзашев бейіндік курстары бойынша оқулықтар шығарумен бірге, зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, монографиялар басып шығарудан да тыс қалмай келеді.

Жүйелі, өзара байланысты іс-шаралар мен шаралар жүйесі, оқу-тәрбие жұмысының нақты жағдайларында ғылым мен озық педагогикалық тәжірибенің жетістіктеріне негізделген, әрбір оқытушының біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға, педагогикалық ұжымның білім беру мүмкіндіктерін дамытуға, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге, білім алушыны тиісті білім деңгейіне, тәрбиелеуге және тұлғалық дамуға жеткізуге бағытталған. «Destination» оқу орталығымен ынтымақтастық 5 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келеді. Студенттерді ағылшын тіліне одан әрі оқытуға жағдай жасау мақсатында 2-курстың білім алушылары үшін «Шет тілі 2» пәнін оқыту жүргізіледі.

Тәжірибелі оқытушылар мен ғалымдар білім алушыларға ғылыми әдіснаманың әдіс-тәсілдерін үйретуге, үздіксіз ғылыми-зерттеу жұмыстарына да тартып отыр. Олар зерттеген мәселелерінің нәтижелерін университеттің, басқа жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияларына баяндамалар дайындатып қатыстыруда.    Білім алушылардың кәсіби білімі мен құзыреттіліктерін қалыптастырумен бірге, олардың жеке танымдық дағдылары мен тұлғалық қасиеттерін, өзін-өзі жүзеге асыру сенімділігін, мансабының өсуіне ықпал ететін уәждер мен ұстанымдарының артуына, белсенді өмір сүрудің стратегияларына үйретуге факультет жанында 11 үйірме, клубтар жұмыс жасайды: «Рух», «Дін», «Фатима», «Саналы ұрпақ», «Жас саясаткер», «Жас зерттеуші», «Мерген», «Визуалды өнер», Қазақ тілінің жаңа көкжиегі», «Культура речи», Еnglish – speaking Club.

Білім алушылар мен оқытушылардың кәсіби қызығушылықтарын, құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік семинарлар, мастер класстар, проблемалық дәріс сессиялары әлеуметтік серіктестіктегі қалалық орта (№10, 20, 30, 47, 38, 50, 52) және спорттық мектептердің (№ 2, спорттық мектеп-интернат, жекпе жек спорт мектебі, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар мен үлкендердің спорттық клубы) педагогикалық ұжымдарымен біріге өткізіп, тәжірибе алмасып келеді.

Факультет білім алушылардың кәсіби білімі мен құзыреттіліктерін қалыптастыра, ол біліктіліктерді тереңдету мен кеңейтуге академиялық ұтқырлық институты бойынша суденттерді Астана, Алматы қалаларындағы бейіндік жоғары оқу орындарына 1 семестрге жіберіліп отыру орнығып келеді.

«Дене шынықтыру мен спорт», «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар арасында жоғары спорттық жетістіктері ие университеттің, облыстың, Қазақстанның мақтанышы болып жүрген жас спортшылар да бар. 2-4 курс білім алушыларынан 57 студент спорт шебері үміткері болса, 14 студент ҚР спорт шебері, ал 1 студент Бровкова Мария Сергеевна (Әлем чемпионы, Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы) Байдарка мен каноэ есуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Өткен оқу жылы Қазақстан Республикасының чемпионатында Калмагамбетов Аян бокстан 2 орын; Динишев Имран бокстан  3 орын; Ізғали Бейбарыс жеңіл атлетикадан 3 орын; Айғали Мейірім спорттық самбо  3 орын межеледі.

        Шорт-тректен әлем чемпионатында 2 курс студенті Уалиулла Мақсат  3 орын, қол күрестен Әлем кубогында Талапқали Мерей 2 орын, Араши ММА Халықаралық чемпионатында Сериков Жанарыс 1 орын алып, жоғары жетістіктерге жеткендерін мақтаныш ете аламыз.

ҚР-ның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттері арасындағы ХІІІ жазғы универсиадасы қорытындысы бойынша біздіңуниверситетімізден 4 студентіміз 2,3 орындарды иеленді.

Факультетте білім алушылардың контингенті жыл санап артып, жоғары жетістіктері бар студенттермен толықтырылып келеді. Өткен оқу жылы 362 студент педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларымен білім алып келсе, 2025-2026 оқу жылы 1 курсқа 284 студент оқуға қабылданды. Соның ішінде 46-сы спорт шеберіне үміткер болса, 5 студент ҚР спорт шебері, 1 студент (Балмухамбетова Карина Ахметовна) Волейболдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері болды.   

 Білім алушылар арасында өзінің болашақ кәсіби білімін спорттпен байланыстыра, мансабын спортқа бағыттауға үміттенген студенттерге университет үнемі қолдау көрсетіп, оларды жаттығу жиындарына, жарыстарға үздіксіз жіберіп отырады. Мұндай тәжірибе олардың таңдап алған мамандықтары бойынша шеберліктерін шыңдауға және дамытуды жалғастыруға септігін тигізеді.

Осы процесс студенттерге жас спортшыларды даярлау саласында ең озық тәжірибені игеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ олар өз дағдыларын жетілдіре отырып, болашақта халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті маман болуға жол ашады. Бұл үрдіс жас спортшыларды даярлау саласындағы ең озық тәжірибені игеруге және оны жинақтауға кепілдік береді.

Оқытушылар
Байланыс
Байдалиев Қуатбек Әбутәліпұлы
Директор
02-433
2-85
📚 Loading…