Тілдерді дамыту орталығы (әлеуметтік өмір)

Білім алушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі студенттердің түрлі шығармашылық жұмыстарға қатысуы үшін жағдай жасау арқылы іске асырылады. Осы бағытта келесі қасиеттерді қалыптастыру мақсатында тәрбиенің адамгершілік-рухани және мәдени элементтері іске асырылады: басқаларға құрмет, адалдық, еңбексүйгіштік, оптимизм, табысқа ұмтылу.                                                  

Орталық бойынша тәрбие жұмыстары әр түрлі бағыттарда ұйымдастырылып өткізіледі. Өскелең ұрпақты, яғни студент жастарымызға  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани-адамгершілік, патриоттық, діни-толерантты, ұлтаралық тәрбие, саяси өзін-өзі тануға, тіларалық тәрбие, салауатты өмір салтын қалыптастыру  тұрғыда тәрбиелеу – басты міндетіміз.

Тәрбие жұмысының  мақсаты мен міндеттері:

  • мемлекеттік тілдің негізгі саясатын ала отырып,  жүйелі түрде пайдалануды қамтамасыз ету;
  • студенттердің оқу үрдісінде мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілдерін оқыту барысында курстар ұйымдастыру;
  • студенттердің қоғамдағы белсенділігі мен бейімділігін дамыту, оларды оқу бағдарламасымен қатар академиялық бағдарлама арқылы заманауи қоғамға бағыттау;
  • студенттердің тіл үйрену процесінде ауызекі сөйлесу арқылы оқу, жазу, түсіну, тыңдау және сөйлеу дағдыларын қалыптастыра отырып, білікті маман дайындауда өз үлесін қосу.

Тілдерді дамыту орталығы университеттің құрылымы болып табылады және институттармен байланыс жасайды, университтеттің бас ғимаратында орналасып, университетің ақпараттық ресурстарымен және дәрісханаларымен қамтамасыз етілген.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу