«Политехникалық институтында» «Студенттік саябақ» ашылды
Жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген «Робототехника зертханасы» пайдалануға берілді.
«Индустриалды-технологиялық институты» жанынан Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетінің өкілдігі ашылды.
«Жастар бастамасын дамыту орталығының» жаңа қосалқы ғимараты және «Мәдениет және өнер студиясы» пайдалануға берілді.
«Жәңгір хан» стадион кешені мен «Workout» жазғы спорттық алаңдары пайдалануға берілді.
«Жәңгір хан» спорт кешені пайдалануға берілді.
«Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі құрылды.
Студенттер асханасы студенттік тамақтану комбинаты ашылды (университет меншігіне өтті).
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» директорлар кеңесінің №29 шешімімен Наметов Асқар Мырзахметұлы университеттің Басқарма төрағасы - ректоры болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №659 Қаулысымен университет «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ болып қайта құрылды.
ҚР Үкіметінің №226 Қаулысымен университет ҚР Білім және ғылым министрлігінен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзырына өтті.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры болып, Биология ғылымдарының кандидаты, профессор, ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Серғалиев Нұрлан Хабибуллаұлы тағайындалды (2014-2017 жж.).
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №544 Қаулысымен университет республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыннан «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК болып қайта құрылды.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 9 қабатты жаңа типтегі Студенттер үйі пайдалануға берілді.
Болон Декларациясының негізі болып саналатын Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойылды.
Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлектерінің қауымдастығы құрылды
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде 72 және 44 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде машина жасау факультеті ашылды.
ҚР Үкіметінің №497 Қаулысымен университетке Жәңгір ханның есімі берілді. Жәңгір ханға арналған ескерткіш бой көтеріп, Жәңгір хан атындағы мұражай ашылды.
Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры болып ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, академик Бозымов Қазыбай Қараұлы тағайындалды (2002-2014 жж.).
ҚР Үкіметінің №1172 Қаулысымен университет БҚМУ құрамынан шығарылып, Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (БҚАТУ) болып қайта құрылды.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болып, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Дамитов Базар Қабдошұлы тағайындалды (2000-2002 жж.).
ҚР Үкіметінің №236 Қаулысымен университет Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен (БҚМУ) біріктірілді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев университетке алғаш рет келді.
ҚР Министрлер Кабинетінің №573 Қаулысымен университет Батыс Қазақстан аграрлық университеті (БҚАУ) болып қайта құрылды.
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ректоры болып техника ғылымдарының кандидаты, профессор Джубаев Сергей Шұғайұлы тағайындалды (1989 – 2000 жж.).
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында 352 орындық 9 қабатты жатақхана пайдалануға берілді.
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ректоры болып ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор Шрамко Николай Васильевич тағайындалды(1986-1989 жж.).
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ректоры болып ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, профессор Шах Борис Петрович тағайындалды (1975-1986 жж.).
1045 орындық 3 студенттік жатақхана және оқу ғимараттары, тұрғын үйлер мен қосымша инфрақұрылымы бар студенттік кешен (кампус) пайдалануға берілді.
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының базасында әскери кафедра ашылды.
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ректоры болып ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Иконников Валентин Константинович тағайындалды (1964-1975 жж.).
Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының алғашқы ректоры - ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Дзержинский Александр Яковлевич болды (1963-1964 жж.).
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №571 Қаулысымен Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты (БҚАШИ) құрылды. Институттың алғашқы 3 факультеті (агроэкономикалық, ветеринарлық, ауыл шаруашылығын механикаландыру) ашылды.