Негізгі ақпарат
Өтінім берілген ғылымды дамытудың басым бағытының атауы. «Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы»
Зерттеудің мамандандырылған ғылыми бағытының атау. Ветеринария.
Жобаның/бағдарламаның ғылыми жетекшісі. Монтаева Нургуль Серсенбековна – PhD, қауымдастырылған профессор.
Іске асыру кезеңі, оның ұзақтығы. Басталуы: 2025 жылғы 1 қаңтар, аяқталуы: 2027 жылғы 31 желтоқсан. Ұзақтығы – 36 ай.
Қаржыландырудың жалпы көлемі және жылдар бойынша. Толық мерзімге – 108 000 000 (жүз сегіз миллион) теңге, оның ішінде:
2025 жылға – 35 759 461 (отыз бес миллион жеті жүз елу тоғыз мың төрт жүз алпыс бір) теңге;
2026 жылға – 35 472 766 (отыз бес миллион төрт жүз жетпіс екі мың жеті жүз алпыс алты) теңге;
2027 жылға – 36 767 773 (отыз алты миллион жеті жүз алпыс жеті мың жеті жүз жетпіс үш) теңге.
Жобаның / бағдарламаның міндеттері. Жобаның мақсатына жету үшін келесі өзара байланысты міндеттер шешіледі:
- Кремнийлі тау жынысы – опока мен бентонит саздығының құрамын және қасиеттерін кешенді зерттеу
- Батыс Қазақстан кен орнындағы кремнийлі тау жынысы (опока) мен бентонит саздығының химиялық және минералогиялық құрамын зерттеу. Пористік құрылымын, арнайы беткі ауданын, тесіктердің өлшемдерін, тығыздығын, сондай-ақ микротесіктер, макротесіктер және мезотесіктердің бар-жоғын анықтау.
- Бұл міндет материалдардың физика-химиялық сипаттамаларын анықтауға бағытталған, бұл олардың сорбент ретінде қолдануға жарамдылығын растауға мүмкіндік береді.
- Сорбенттің құрамын және өндіріс технологиясын әзірлеу
- Міндеттің сипаттамасы: Сорбенттің максималды сорбциялық белсенділігін қамтамасыз ету үшін минералды сорбенттің құрамын оңтайландыру және оның өндіріс технологиясын әзірлеу.
- Бағыт: Бұл міндет ауыл шаруашылығында өндіріс процестерін жақсартуға және токсиндерді сіңіру қабілеті жоғары тиімді сорбент жасауға бағытталған.
- Сорбенттің сорбциялық қасиеттерін бағалау
- Батыс Қазақстанның жем базаындағы микотоксиндерге қатысты әзірленген сорбенттің адсорбциялық қасиеттерін бағалау.
- Бұл міндет сорбенттің тиімділігін зерттеуге бағытталған, ол оның ауыл шаруашылығында қолданылуын растайды.
- Сорбенттің қауіпсіздігін токсикологиялық зерттеу
- Кремнийлі тау жынысы мен бентонит саздығының жем қоспаларында қолдану кезінде олардың қауіпсіздігін растау үшін токсикологиялық бағалау жүргізу.
- Бұл міндет сорбенттің жануарларға зиянсыз екендігін растауға және ықтимал теріс әсерлерді болдырмауға бағытталған.
- Сорбенттің терапевтік тиімділігін бағалау
- Микотоксикозы бар жұмыртқа құстарында сорбенттің клиникалық, гемотологиялық және биохимиялық көрсеткіштерге әсерін зерттеу мақсатында эксперимент жүргізу.
- Бұл міндет сорбенттің құстардың денсаулығы мен өнімділігін жақсартудағы тиімділігін растауға бағытталған.
- Өнімнің ветеринарлық-санитарлық сараптамасы
- Сорбенттің жұмыртқа құстарының жұмыртқасының сапасына әсерін зерттеу және санитарлық талаптарға сәйкестігін сараптау.
- Бұл міндет жемге сорбент енгізу кезінде өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын растауға бағытталған.
Алынған нәтижелер мен жаңалығы. Жобаның ғылыми жетекшісінің ғылыми бағыты – Қазақстанның табиғи шикізаттық ресурстарына негізделген жаңа биоактивті минералды емдік-профилактикалық мақсаттағы мал азықтық қоспалар мен ветеринарияға арналған сорбенттерді әзірлеу.
Зерттеу бағыты бойынша жетекші мен орындаушылардың жүргізген ғылыми-эксперименттік жұмыстарының маңызды қоржыны бар, ол жобаның күтілетін нәтижелеріне оң әсер етеді. Келесі патенттер алынған:
- Монтаева Н.С. Пайдалы модельге патент № 5262 «Ауыл шаруашылығы жануарлары үшін емдік-профилактикалық мақсаттағы комбинирленген минералды мал азықтық қосындысын алу әдісі», 2020 ж.
- Монтаева Н.С., Наметов А.М., Махимова Ж.Н. Өнімге патент № 36336 «Құсқа арналған композициялық минералды мал азықтық қоспасын алу әдісі», 2023 ж.
- Патент алу үшін өтініш берілді № 2024/0267.1 «Ветеринарияға арналған минералды модификацияланған сорбент алу әдісі».
Бұл патенттер мен алдын ала алынған нәтижелер жобаның жаңашылдығын және өзектілігін дәлелдейді, ол Қазақстандағы құс фабрикаларында қолданылатын импорттық сорбенттерді алмастыруға мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтижелер.
- Зерттеу нәтижесінде бастапқы материалдардың химиялық құрамы мен физикалық сипаттамалары туралы толық мәліметтер алынатын болады, бұл сорбент өндіруге жарамдылығын анықтауға және оның тиімділігіне әсер ететін параметрлерді белгілеуге мүмкіндік береді.
- Сорбенттің оңтайлы құрамы мен өндіру технологиясы әзірленеді, бұл сорбенттің жоғары тиімділігін аз шығынмен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл берілген сорбциялық қасиеттері, тұрақтылығы және қауіпсіздігі бар өнім алуға мүмкіндік береді.
- Әзірленген сорбенттің түрлі заттарды адсорбциялау қабілетін қоса алғанда, сорбциялық қасиеттері туралы мәліметтер алынуы күтіледі. Нәтижелер нақты міндеттер мен пайдалану шарттарына ең тиімді сорбентті таңдауға көмектеседі.
- Токсикологиялық зерттеулер негізінде сорбенттің адам мен жануарларға қауіпсіздігі расталады, бұл оны медициналық және ветеринарлық қолдану салалары қоса алғанда, денсаулыққа қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік береді.
- Клиникалық және лабораториялық сынақтардың нәтижесінде сорбенттің терапевтік тиімділігі расталып, ең жоғарғы емдік нәтижелерге жету үшін оңтайлы дозалар мен қолдану режимдері анықталады.
- Ветеринарлық-санитарлық сараптаманың нәтижесінде сорбенттің санитарлық-гигиеналық нормаларға және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі расталады, бұл өнімді ветеринарияда қолдану үшін нарыққа енгізуге мүмкіндік береді.
- Жоба аясында зерттеулерді жүргізу үшін сатып алынатын және пайдаланылатын жабдық түрлері қолданылатын болады.
- Жоба нәтижесінде келесі мақалалар жариялануы жоспарлануда: Web of Science базасындағы Science Citation Index Expanded индексіне енгізілген және 1 (бірінші) және (немесе) 2 (екінші) квартильде орналасқан, сондай-ақ Scopus базасында CiteScore бойынша 65 (алпыс бес) және одан жоғары процентильге ие рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолулар жарияланады; КОКНВО ұсынған шетелдік немесе отандық рецензияланатын журналдарда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу жарияланады;
Олардың бірі – Қазақстанның нақты секторындағы кәсіпорындардың міндеттеріне сәйкес мультидисциплинарлық (көпсалалы немесе аралас салалы) қолдану категориясына ие болуы тиіс, сонымен қатар жоба нәтижелері ЕСКД бойынша дайындалған жобалау-құрастыру құжаттамасын қамтиды. - 1 (бір) философия докторы (PhD) немесе жоба тақырыбына сәйкес профильдік докторлық диссертация дайындалады.
Жоба аясында жарияланған жұмыстар тізім.
Montayeva, N., Montayev, S., Montayeva, A. Bioactive Mineral Feed Additive for Poultry: Therapeutic and Preventive Effects on Haematological Parameters in Chickens // Evergreen. - 2024.-Vol.11. Iss. 2. - Р. 984-992. DOI:https://doi.org/10.5109/7183380. Квартиль Q-2. Процентиль 56.
- Montayeva, N., Montayev, S., Montayeva, A. Treatment of functional disorders of gastrointestinal tract of calves with complex phytomineral preparation // Scientific Horizons, 2024, 27(8), страницы 47–587. DOI: https://doi.org/10.48077/scihor8.2024.47. Квартиль Q-3. Процентиль 36.
- Montayeva N. S., Montayev S. A., Montayeva A. S. Studies of Montmorillonitic (Bentonite) Clay of Western Kazakhstan as a Therapeutic Mineral Feed Additive for Animals and Poultry //Agricultural Research. – 2022. – С. 1-6. DOI:10.2174/2772574X14666221227161809. Квартиль Q-2. Процентиль 67.
- Montayeva N., Montayev S., Svotina M. Veterinary medicine based on montmorillonite clay from Western Kazakhstan for the treatment and prevention of infectious diseases in farm animals //Scientia Agropecuaria. – 2024. – Т. 15. – №. 4. – С. 495-502. DOI: http://dx.doi.org/10.17268/sci.agropecu.2024.036. Квартиль Q-1. Процентиль 75.
- 5. Montayeva N. S. Evaluation of toxiological indicators of monthmorrillonite clay for the purpose of using them as alumosilicate sobent against the negative effect of mycotoxins on the body of animals and birds. Наука и образование - № 1-1 (62) 2021. – С.70-76. (КОКНВО МНВО РК). https://nauka.wkau.kz/index.php/gbj/issue/view/27/26
- 6. Montayeva N.S., Taiguzin R.S., Abdrakhmanova D.A., Svotina M.A. Research of quail meat for the presence of heavy metals and pesticides when adding a mineral feed additive to their diet. Наука и образование- № 4 (65) 2021. –С.3-9. (КОКНВО МНВО РК). https://doi.org/10.52578/2305-9397-2021-1-4-3-9
- 7. Montayeva N.S., Abdrakhmanova D.A., Svotina M.A. Research of the chemical composition of quail meat when adding a mineral feed additive to their diet. Наука и образование - № 3(68) 2022. –С.12-19. (КОКНВО МНВО РК). https://ojs.wkau.kz/index.php/gbj/article/view/921/388
- Монтаева Н.С.Нагимова Г.Х, Нуржанова Ф.Х. Опока минералдық азықтық қоспасын ветеринарияда қолдану мақсатында токсикологиялық бағалау. Ғылым және Білім», - Т. №-1(74) Орал, 2024 ж. – С. 174-184. (КОКНВО МНВО РК). https://ojs.wkau.kz/index.php/gbj/article/view/1953/1065
- МонтаеваН.С. Нагимова Г.Х, Кереев А.К. Biochemical blood parameters of broiler chickens when using a siliceous rock additive-apoka in feeding. «Ғылым және Білім», - №2-1(75) Орал, 2024 ж. – С. 296-303. (КОКНВО МНВО РК). DOI: 2305-9397-2024-2-1-298-305. https://rep.wkau.kz/bitstream/123456789/3408/1/6315.pdf
- Монтаева Н.С.Наметов А.М., Монтаев С. А. Перспективы создания природных модифицированных минеральных сорбентов для ветеринарной медицины против микотоксинов. Ғылым және Білім», - №-2-1(75) Орал, 2024 ж. – С. 191-203. (КОКНВО МНВО РК). DOI: 10.52578/2305-9397-2024-2-1-191-205. https://rep.wkau.kz/bitstream/123456789/3408/1/6315.pdf