Жоба / бағдарлама тақырыбының атауы:
AP23488282 «Қазақстан жағдайында өсірілетін абердин-ангус тұқымды ірі қара мал етінің сапасын тірі кезінде бағалау және болжау жүйесін әзірлеу».

Негізгі ақпарат

Жоба / бағдарлама тақырыбының атауы: AP23488282 «Қазақстан жағдайында өсірілетін абердин-ангус тұқымды ірі қара мал етінің сапасын тірі кезінде бағалау және болжау жүйесін әзірлеу».

Өтінім берілген ғылымды дамытудың басым бағытының атауы: 6. Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамуы

Зерттеудің мамандандырылған ғылыми бағытының атауы: 6.5 Қарқынды мал шаруашылығы

Жобаның/бағдарламаның ғылыми жетекшісі: Ульянова Т.В., PhD

Іске асыру кезеңі, оның ұзақтығы айларда. 01.01.2024 – 31.12.2026 жж., ұзақтығы 36 ай.         

Қаржыландырудың жалпы көлемі және жылдар бойынша: 120 000,0 мың. тенге:

2024 ж. – 34 000,0 мың. тенге; 

2025 ж. – 43 000,0 мың. тенге;

2026 ж. – 43 000,0 мың. тенге.

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау нысандары: абердин-ангус тұқымды ірі қара мал

Жобаның / бағдарламаның мақсаты: Қазақстанда өсірілетін абердин-ангус тұқымды ірі қара малды азық шикізатының сапасымен байланысты ДНҚ маркерлері бойынша генетикалық тестілеу тәсілдерін әзірлеу және селекцияда пайдалану үшін ет өнімділігі мен сиыр етінің сапасының генетикалық маркерлерін анықтау.

Жобаның / бағдарламаның міндеттері

1. Абердин-ангус тұқымды ірі қара малдың іріктемесін қалыптастыру және биологиялық материалды іріктеу

2. Нуклеин қышқылдарының сынамаларын дайындау және экстракциялаудың қолданыстағы және әзірленіп жатқан әдістерін сынау

3. Ет өнімділігі мен азық шикізатының сапасын бағалау контекстінде лептин гені (LEP) бойынша абердин-ангус ірі қара малын генотиптеу үшін АС-ПТР әдісін сынау

4. Ет өнімділігі мен азық шикізатының сапасын бағалау контекстінде тироглобулин гені (TG5) бойынша абердин-ангус тұқымды ірі қара малды генотиптеу үшін ПТР-РФҰП әдісін сынау

5. Ет өнімділігі мен азық шикізатының сапасын бағалау контекстінде диацилглицерол О-ацилтрансфераза 1 (DGAT1) гені бойынша абердин-ангус тұқымды ірі қара малды генотиптеуге арналған аллельге тән праймерлері бар Real Time ПТР, ПТР-РФҰП әдістерін сынақтан өткізу

6. Липидтер алмасуының гендері негізінде Қазақстанда өсірілетін абердин-ангус тұқымды ірі қара малдың генотиптерін анықтау

7. Ет өнімділігі мен азық шикізатының сапасын бағалау контекстінде LEP, TG5 және DGAT1 гендері бойынша абердин-ангус ірі қара малын генотиптеу үшін ПТР-SBT (нуклеин қышқылының реттілігі бойынша типтеу) әдісін әзірлеу

8. Лептин, тироглобулин және диацилглицерол О-ацилтрансфераза 1 гендері бойынша зерттелетін ірі қара малдың генетикалық құрылымын сипаттау

9. Әртүрлі тұқымдар мен топтардағы LEP, TG5 және DGAT1 гендерінің аллельдік нұсқалары мен әртүрлі генотиптерінің таралуына салыстырмалы талдау жүргізу

10. Лептин, тироглобулин және диацилглицерол О-ацилтрансфераза 1 гендері бойынша жекелеген және комплексті генотиптердің ет өнімділігі мен шикізат сапасына әсерін бағалау, сондай-ақ селекцияда пайдалану үшін генетикалық маркерлерді анықтау

Алынған нәтижелер мен жаңалығы
Күтілетін нәтижелер

– абердин-ангус тұқымды ірі қара малдың іріктемесі қалыптастырылып, биологиялық материал таңдалды;

– нуклеин қышқылдарын сынамаларды дайындау мен экстракциялаудың қолданыстағы және әзірленіп жатқан тәсілдері сынақтан өткізілді;

– ет өнімділігі мен азық шикізатының сапасын бағалау контекстінде лептин гені (LEP) бойынша абердин-ангус тұқымды ірі қара малды генотиптеу үшін АС-ПТР әдісі сыналды;

– ет өнімділігі мен азық шикізатының сапасын бағалау контекстінде тироглобулин гені (TG5) бойынша абердин-ангус тұқымды ірі қара малды генотиптеу үшін ПТР-РФҰП әдісі сыналды;

– ет өнімділігі мен азық шикізатының сапасын бағалау контекстінде диацилглицерол О-ацилтрансфераза 1 (DGAT1) гені бойынша абердин-ангус тұқымды ірі қара малды генотиптеуге арналған аллельге тән праймерлері бар Real Time ПТР, ПТР- РФҰП тәсілдері сыналды;

– Қазақстан жағдайында липидтер алмасу гендері бойынша өсірілетін абердин-ангус тұқымды ірі қара малдың генотиптері анықталды;

– ет өнімділігі мен азық шикізатының сапасын бағалау контекстінде LEP, TG5 және DGAT1 гендері бойынша абердин-ангус тұқымды ірі қара малды генотиптеу үшін ПТР-SBT (нуклеин қышқылын секвенирлеу әдісімен типтеу) әдісі әзірленді;

– лептин, тироглобулин және диацилглицерол О-ацилтрансфераза1 гендері бойынша зерттелетін жануарлардың генетикалық құрылымы сипатталған;

– әртүрлі тұқымдар мен топтардағы LEP, TG5 және DGAT1 гендерінің аллельдік нұсқалары мен әртүрлі генотиптерінің таралуына салыстырмалы талдау жүргізілді;

– лептин, тироглобулин және диацилглицерол О-ацилтрансфераза1 гендері бойынша жекелеген және комплексті генотиптердің ет өнімділігі мен шикізат сапасына әсері бағаланды, сондай-ақ селекцияда пайдалану үшін генетикалық маркерлер анықталды.

Енгізу дәрежесі: Бұл зерттеу деректері мал өсірушілерге маркерлік-ассоциациялық сұрыптау әдісін пайдалану арқылы жоғары генетикалық өнімділік потенциалы және алынған өнімнің сапасы жоғары абердин-ангус тұқымды ірі қара малын іріктеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жобаны жүзеге асыру нәтижелері абердин-ангус тұқымының қазіргі жағдайын анықтауға және оның санын арттыруға бағытталған болашақ бағдарламаларды әзірлеуге көмектеседі.

Жоба аясында жарияланған жұмыстардың тізімі
📚 Loading…