Негізгі ақпарат
Жоба / бағдарлама тақырыбының атауы: AP23487950 «Адай типіндегі қазақ жылқысының геномдық ассоциациялар мен өнімділік қасиеттерін зерттеу»
Өтінім берілген ғылымды дамытудың басым бағытының атауы: Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту
Зерттеудің мамандандырылған ғылыми бағытының атауы: Агроөнеркәсіптік кешендегі биоинформатика және цифрландыру
Жобаның/бағдарламаның ғылыми жетекшісі: Ковальчук А.М., PhD
Іске асыру кезеңі, оның ұзақтығы айларда. 02.08.2024-31.12.2026 жж., ұзақтығы 29 ай
Қаржыландырудың жалпы көлемі және жылдар бойынша: 119 805,3 мың тг,
2024 жыл – 33 848,7 мың тг;
2025 жыл – 42 965,4 мың тг;
2026 жыл – 42 991,2 мың тг.
Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау нысандары: адай типіндегі қазақ жылқысының
Жобаның / бағдарламаның мақсаты: селекциялық бағдарламаларды оңтайландыру және өнімділік қасиеттерін арттыру үшін адай типіндегі қазақ жылқысының генотиптері мен өнімділік сипаттамалары арасындағы ассоциацияларды зерттеу
1. Жануарлардың өнімділік қасиеттерін қоса алғанда, фенотиптік деректерді жинау және аннотациялау
2. Адай типіндегі қазақ жылқысын генотиптеу
2.1 Адай типіндегі қазақ жылқысының өнімділік қасиеттерімен байланысты гендік нұсқалар мен генетикалық маркерлерді анықтау
3. Статистикалық маңызды ассоциацияларды анықтау үшін генотиптік және фенотиптік деректерді талдау
3.1 Анықталған генетикалық нұсқаларға биоинформатикалық талдау жасау
4. Адай типіндегі қазақ жылқысының өнімділік қасиеттерін жақсартуға бағытталған селекционерлерге ұсынымдар ұсыну
Ғылыми жобаның идеясы SNP-генотиптеу технологиясын қолдана отырып, Адай типіндегі қазақ жылқысының өнімділік қасиеттерімен байланысты геномдық маркерлерді анықтау болып табылады. Адай типіндегі қазақ жылқысы басқалардан үскірік дала жағдайларына және табындағы тіршілікке бейімделуімен ерекшеленеді, сондай-ақ өнімділік қасиеттері қызығушылық тудырады.
Жоба генетика, зоотехния және биоинформатика туралы білімді біріктіретін көптеген зерттеулерді қамтиды.
1. Жоғары тығыздықтағы генотиптеуді пайдалана отырып, Қазақстанның әртүрлі облыстарында Адай типті қазақ жылқысының генетикалық әртүрлілігін зерттеу жүргізілетін болады;
2. Адай типіндегі қазақ жылқысының экономикалық маңызды белгілермен байланысты полиморфизмдер анықталатын болады;
3. Адай типіндегі қазақ жылқысының өнімділік қасиеттерімен байланысты генетикалық маркерлер анықталып, пайдалану үшін ұсынылатын болады.
- 2025 жылы ғылыми зерттеулерге сатып алу жоспарланған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі
- 09.07.2025 ж. АР23487950 жобасы бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің нақтыланған тізбесі
- 2025 жылы 18.09.2025 ж. АР23487950 жобасы бойынша сатып алуға жоспарланатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің нақтыланған тізбесі
- 28.11.2025 ж. АР23487950 жобасы бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің нақтыланған тізбесі