Жоба / бағдарлама тақырыбының атауы:
AP26198215 «Батыс Қазақстанда қойлардағы ассоциавтивті гельминтоздардың мониторингі, олардың айналымында киіктердің рөлі және алдын алу шараларын жетілдіру»

Негізгі ақпарат

Жобаның атауы: AP26198215 «Батыс Қазақстанда қойлардағы ассоциавтивті гельминтоздардың мониторингі, олардың айналымында киіктердің рөлі және алдын алу шараларын жетілдіру»

Басымдық және мамандандырылған ғылыми бағыттар: Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту.         

Мамандырылған ғылыми бағыттар: Ветеринария

Жобаның ғылыми жетекшісі: Абекешев Нуржан Турсынбаевич, в.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Жобаны іске асырудың басталу және аяқталу күні, оның ұзақтығы. 2025 жылғы қаңтар, жобаның аяқталуы 2027 жылғы желтоқсан, 36 ай. Гранттық қаржыландырудың сұратылған көлемі- 119945703 теңге.

2025 жылға – 39990962 теңге

2026 жылға – 39966015 теңге        

2027 жылға – 39988726 теңге

Зерттеу объектілері: Қойлардың және киіктердің гельминттері

Жобаның мақсаты: Қой және киік гельминтоздары бойынша эпизоотологиялық мониторинг жүргізу, қой сойыс өнімдерінің сапасын анықтау, зерттелетін объектілер бойынша географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ) карталар жасау және ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жетілдіріп оңтайландыру.

Жобаның / бағдарламаның міндеттері
  • Жобаның міндеттері
  1. Батыс Қазақстан облысының киік мекендейтін (салыстырмалы түрде мекендемейтін) аудандарда қой шаруашылығы технологиясының жүргізілуін ескере отырып, гельминттердың түрлерін және инвазияның экстенсивтілігі мен интенсивтілігін әр түрлі табиғи аймақтар (далалық, шөлейіт және шөлді) ерекшеліктеріне қарай анықтау.
  2. Батыс Қазақстан облысында мекендейтін киіктерде гельминттердың түрін және инвазияның экстенсивтілігі мен интенсивтілігін әр түрлі табиғи аймақтар ерекшеліктеріне қарай анықтау.
  3. Батыс Қазақстан облысының киік мекендейтін (салыстырмалы түрде мекендемейтін) аудандарда қой шаруашылығы технологиясының жүргізілуін ескере отырып, гельминтоздардың маусымдық және әр түрлі табиғи аймақтар ерекшеліктеріне қарай динамикасын анықтау.
  4. Батыс Қазақстан облысында мекендейтін киіктерде гельминтоздардың маусымдық динамикасын әр түрлі табиғи аймақтар ерекшеліктеріне қарай анықтау.
  5. Батыс Қазақстан облысының киік мекендейтін (салыстырмалы түрде мекендемейтін) аудандарда қой шаруашылығы технологиясының жүргізілуін ескере отырып, гельминтоздардың таралуының жас және әр түрлі табиғи аймақтар ерекшеліктеріне қарай динамикасын анықтау.
  6. Киік мекендейтін және мекендемейтін әр түрлі табиғи аймақтар жайлымдарын (топырақ, өсімдік, су) гельминт жұмыртқаларымен, дернәсілдерімен (личинка) ластануын (контаминация) анықтау.
  7. Киік мекендейтін және мекендемейтін әр түрлі табиғи аймақтарда қойда кездесетін ларвальді цестодоздардың дефинитивті иесінің (ит) имагинальды цестодоздармен залалдану деңгейін анықтау;
  8. Батыс Қазақстан облысында мекендейтін киіктермен қойлардың гельминтофаунасының ортақ түрлерінің инвазия айналымындағы орынын және олардың ПТР арқылы генетикалық ұқсастығын анықтау.
  9. Ассоциативті гельминтоздарға жіті шалдыққан қойлардың сою өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізу және тағамдық биологиялық құндылығын анықтау.
  10. Қойларда ассоциативті гельминтоздарға қарсы препараттардың тиімділігін анықтау
  11. Эпизоотологиялық жағдайды тиімді бақылауға және аурулардың таралуын картамен көрсетіп, талдау жасауға өңірде қойлармен киіктердің гельминтоздарын қадағалаудың деректер базасы жасақталып географиялық ақпараттық жүйеге енгізіледі.
  • Әр түрлі табиғи аймақтарда қой гельминтоздарын алдын алу бағытында және инвазия айналымдағы киік орынын ескеріп, аймақтағы қой популяциясындағы паразиттерге қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүйесін ғылыми негіздеу арқылы жетілдіру.
Алынған нәтижелер мен жаңалығы
  • Алынған нәтижелер және жаңашылығы:
  • Батыс Қазақстан облысының  киік мекендемейтін аудандарда (Байтерек, Сырым, Қаратөбе, Ақжайық) қой шаруашылығы технологиясының жүргізілуін ескере отырып, гельминттердің түрлері, маусымдық,  жас және инвазияның экстенсивтілігі мен интенсивтілігі  әр түрлі табиғи аймақтар (далалық, шөлейіт және шөлді) ерекшеліктеріне қарай анықталады. Кейін атлған жұмыстар облыстың киік мекендейтін аудандарда (Бөкейорда, Жаңақала, Казталов, Жәнібек, Тасқала) жүгізілді.
  •  Қойдан алынатын сойыс өнімдерінің органолептикалық, физикохимиялық параметрлері және микробтық ластану деңгейі анықталды.
  • Жоба қой гельминтоздарын басқару мен мониторингілеуде цифрландыру элементтері бар автоматтандыру жүйелерін қолдануға негізделіп, БҚО-да алғаш рет гельминтоздармен күресуге арналған геоақпараттық жүйелерді әзірленеді. Аймақ картасында гельминтоздарға шалдыққан және экологиялық-санитарлық жағдайлар туралы деректерді визуализациялауға ГАЖ-ды пайдалану үшін дайындалады.
  • Қой гельминтоздары мониторингінің нәтижелері эпизоотологиялық жағдайды ескере отырып, ветеринариялық іс-шараларды оңтайландыру арқылы сою өнімдерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
  • Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, жыл маусымдары бойынша қойлардағы гельминтоздарды мониторингілеу арқылы инвазияның интенсивтілігі мен эстенсивтілігінің деңгейі анықталады: Осыған сәйкес алғаш рет:
  • -  киік мекендейтін (салыстырмалы түрде мекендемейтін) аудандарда қой шаруашылығы технологиясының жүргізілуін ескере отырып, гельминтоздардың түрі және инвазияның экстенсивтілігі мен интенсивтілігін әр түрлі табиғи аймақтар (далалық, шөлейіт және шөлді) ерекшеліктеріне қарай анықталады.
  • - киіктерде гельминтоздардың түрі және инвазияның экстенсивтілігі мен интенсивтілігін әр түрлі табиғи аймақтар ерекшеліктеріне қарай анықталады.
  • - киіктерде гельминтоздардың маусымдық динамикасы әр түрлі табиғи аймақтар ерекшеліктеріне қарай анықталады.
  • - киік мекендейтін және мекендемейтін (салыстырмалы түрде мекендемейтін) аудандарда қой шаруашылығы технологиясының жүргізілуін ескере отырып, гельминтоздардың таралуының жас және әр түрлі табиғи аймақтар ерекшеліктеріне қарай динамикасы анықталады.
  • -  киік мекендейтін және мекендемейтін әр түрлі табиғи аймақтар жайлымдарынан (топырақ, өсімдік, су) гельминт жұмыртқалары, дернәсілдерімен (личинка) ластануы (контаминация) анықталады.
  • - киік мекендейтін және мекендемейтін аудандарда қойда кездесетін ларвальді цестодоздардың дефинитивті иесінің (ит) залалдану деңгейі анықталады.
  • - киіктермен қойлардың гельминтофаунасының ортақ түрлері инвазия айналымындағы орыны және гельминттерді ПТР арқылы генетикалық ұқсастығы анықталады.
  • - ассоциативті гельминтоздарға жіті шалдыққан қойлардың сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізіледі және тағамдық биологиялық құндылығы анықталады.
  • - қойларда ассоциативті гельминтоздарға қарсы препараттардың салыстырмалы тиімділігін анықталады.
  • - қойлар мен киіктедің гельминтоздарын эпизоотологиялық қадағалауда географиялық ақпараттық жүйені пайдалану алгоритмі дайындалады.
  • - әр түрлі табиғи аймақтарда қой гельминтоздарын алдын алу бағытында және инвазия айналымдағы киік орынын ескеріп, аймақтағы қой популяциясындағы паразиттерге қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүйесі ғылыми негіздеу арқылы жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныс дайындалады.
Күтілетін нәтижелер

Күтілетін нәтижелер:

  1. Батыс Қазақстан облысының киік мекендейтін (салыстырмалы түрде мекендемейтін) аудандарда қой шаруашылығы технологиясының жүргізілуін ескере отырып, гельминтоздардың түрі және инвазияның экстенсивтілігі мен интенсивтілігін әр түрлі табиғи аймақтар (далалық, шөлейіт және шөлді) ерекшеліктеріне қарай анықталады.
  2. Батыс Қазақстан облысында мекендейтін киіктерде гельминтоздардың түрі және инвазияның экстенсивтілігі мен интенсивтілігін әр түрлі табиғи аймақтар ерекшеліктеріне қарай анықталады.
  3. Батыс Қазақстан облысының киік мекендейтін (салыстырмалы түрде мекендемейтін) аудандарда қой шаруашылығы технологиясының жүргізілуін ескере отырып, гельминтоздардың маусымдық және әр түрлі табиғи аймақтар ерекшеліктеріне қарай динамикасы анықталады.
  4. Батыс Қазақстан облысында мекендейтін киіктерде гельминтоздардың маусымдық динамикасы әр түрлі табиғи аймақтар ерекшеліктеріне қарай анықталады.
  5. Батыс Қазақстан облысының киік мекендейтін (салыстырмалы түрде мекендемейтін) аудандарда қой шаруашылығы технологиясының жүргізілуін ескере отырып, гельминтоздардың таралуының жас және әр түрлі табиғи аймақтар ерекшеліктеріне қарай динамикасы анықталады.
  6. Киік мекендейтін және мекендемейтін әр түрлі табиғи аймақтар жайлымдарынан (топырақ, өсімдік, су) гельминт жұмыртқалары, дернәсілдерімен (личинка) ластануы (контаминация) анықталады.
  7. Киік мекендейтін және мекендемейтін аудандарда қойда кездесетін ларвальді цестодоздардың дефинитивті иесінің (ит) залалдану деңгейі анықталады.
  8. Батыс Қазақстан облысында мекендейтін киіктермен қойлардың гельминтофаунасының ортақ түрлері инвазия айналымындағы орыны және гельминттерді ПТР арқылы генетикалық ұқсастығы анықталады.
  9. Ассоциативті гельминтоздарға жіті шалдыққан қойлардың сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізіледі және тағамдық биологиялық құндылығы анықталады.
  10. Қойларда ассоциативті гельминтоздарға қарсы препараттардың салыстырмалы тиімділігін анықталады.
  11. Өңірде қойлардың және киіктердің гельминтоздарын эпизоотологиялық қадағалауда географиялық ақпараттық жүйені пайдалану алгоритмі дайындалады.
  12. Әр түрлі табиғи аймақтарда қой гельминтоздарын алдын алу бағытында және инвазия айналымдағы киік орынын ескеріп, аймақтағы қой популяциясындағы паразиттерге қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүйесі ғылыми негіздеу арқылы жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныс дайындалады.
  13. Web of Science базасында импакт-фактор квартилі 1 (бірінші) және (не) 2 (екінші) кіретін, Science Citation Index Expanded-те индекстелетін және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында 65-тен (алпыс бес) кем емес процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жарияланады;

- ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік немесе отандық басылымда кемінде    2 (екі) мақала немесе шолу жарияланады;

Мақалалардың бірі Қазақстан экономикасының нақты секторындағы кәсіпорындардың міндеттері бойынша multidisciplinary (мультидисциплинарлық немесе пәнаралық практикалық қолдану) санатымен болады, сондай-ақ жобаның нәтижелері ЕСКД бойынша дайындалған жобалау-конструкторлық құжаттаманы/техникалық регламентке сәйкестік сертификатымен қамтылады.

Multidisciplinary санатына жатпайтын 1 ҒЖБССҚК тізіміндегі отандық журналдар үшін екі және одан да көп санаттарда индекстелетін 1 және 2 ҒЖБССҚК тізіміндегі журналдар есептеледі.

  1. Зерттеу нәтижелері бойынша киіктерден, қойлардың табылған гельминттердің атласы құрастырылатын болады.
  2. Жобаның нәтижелері бойынша (ғылымның тиісті бағытында) 1 (бір)   философия докторы (PhD)   дайындалады.
Жоба аясында жарияланған жұмыстардың тізімі

Жоба бойынша басылымдар:

Абекешев Н.Т., Усенов Ж.Т., Абдрахманов Р.Г., Айтпаева З.С., Свотина М.А., Валиева Ж.М., Рыскалиева Ж.К Батыс Қазақстан облысында қойлардың гельминтфаунасы. Ғылым және білім № 3-2 (80) 2025. 251-259 Б.

📚 Loading…