Негізгі ақпарат
Өтінім берілген ғылымды дамытудың басым бағытының атауы. 1) Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану
Зерттеудің мамандандырылған ғылыми бағытының атауы: 9. Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату
Жобаның ғылыми жетекшісі: Ахметова Фируза Жантасқызы, PhD, аға оқытушы
Іске асыру кезеңі, оның ұзақтығы айларда. 01.01.2025–31.12.2027 жж., ұзақтығы 36 ай.
Қаржыландырудың жалпы көлемі және жылдар бойынша: 294303,18 мың.тг,
2025 год – 9 980, 840 мың.тг;
2026 год – 9 694, 739 мың.тг;
2027 год – 9 754, 739 мың.тг.
Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау нысандары:
Полимер қалдықтары
Табиғи цеолит негізіндегі композитті катализаторлар
Термокаталитикалық гидрогенизация нәтижесінде алынған сұйық дистиллят өнімдері
Термокаталитикалық өңдеу процесі
Жоба / бағдарламаның мақсаты:
Тозған полимер қалдықтарын өңдеу процесі үшін табиғи цеолит негізіндегі композитті катализаторлар жасау.
Зерттеу тобының құрамы:
| № п/п | Аты-жөні | Жоба орындаушысы | Scopus Author ID | ORCID |
| 1 | Ахметова Фируза Жантасқызы | Жоба жетекшісі, PhD, аға оқытушы | 57211321422 | https://orcid.org/0000-0002-8869-3053 |
| 2 | Аубакиров Ермек Айтказынович | Ғылыми кеңесші, химия ғылымдарының докторы, профессор | 55447002200 | https://orcid.org/0000-0001-5405-4125 |
1) Полимер қалдықтарын отын дистилляттарына өңдеу технологиясын және шикізат базасын жасау. Зерттеу объектілерін физикалық-химиялық талдау әдістерімен сипаттау. Полимер қалдықтарын термокаталитикалық гидрогенизация процесі үшін табиғи цеолит негізіндегі композитті катализаторлар жасау және процеске сынау.2) Алынған сұйық дистиллятты өнімдердің сапасын бағалау мақсатында полимер қалдықтарын мотор отындарына кешенді өңдеу технологиясы үшін оңтайлы параметрлерді анықтау:
3) Тозған полимер қалдықтарын гидрогенизациялық термокаталитикалық өңдеу процесі арқылы алынған мақсатты өнімдердің негізгі физикалық-химиялық көрсеткіштерін анықтау.
4) Тозған полимер қалдықтарын отын дистилляттарына өңдеу технологиясын тәжірибелік-өндірістік сынау және зерттеу.
Жобаның ғылыми жаңалығы төмендегідей:
- Полимерлердің қалдықтарын термокаталитикалық гидрлеу процесін қолдана отырып, отын дистилляттарына өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді, ол полимерлік тізбектердің тереңірек бұзылуын және жоғары сапалы мотор отынын алуды қамтамасыз етеді.
- Полимер қалдықтарын гидрогенизациялау жағдайында алғаш рет каталитикалық белсенділігі жоғары белсенді компоненттермен модификацияланған табиғи цеолит негізіндегі композиттік катализаторлар синтезделді.
- Жасалған катализаторлардың физика-химиялық және каталитикалық қасиеттері қазіргі заманғы аналитикалық әдістерді (SEM, BET, IR спектроскопиясы, Раман микроскопиясы, TGA, рентгендік дифракция, XPS және т.
- Полимер қалдықтарын өңдеу процесінің оңтайлы параметрлері (температура, қысым, катализатордың құрамы және концентрациясы, реакция уақыты) анықталды, олар өнімділік қасиеттері жақсарған сұйық отын фракцияларының максималды шығымына ықпал етеді. 5. Алғаш рет алынған дистиллят өнімдерінің сапалық сипаттамаларына кешенді баға берілді, оның ішінде фракциялық құрамы, тығыздығы, тұтқырлығы, жылулық құндылығы, октан және цетан сандары мотор отынының құрамдас бөліктері ретінде олардың потенциалды жарамдылығын растайды.
Полимер қалдықтарын отын дистилляттарына өңдеу технологиясын және шикізат базасын жасау бойынша жұмыстар жүзеге асады. Зерттеу объектілері физикалық-химиялық талдау әдістерімен сипатталады. Полимер қалдықтарын термокаталитикалық гидрогенизация процесі үшін табиғи цеолит негізіндегі композитті катализаторлар жасалады және процеске сыналады.Докторлық диссертация қорғалады.
Алынған сұйық дистиллятты өнімдердің сапасын бағалау мақсатында полимер қалдықтарын мотор отындарына кешенді өңдеу технологиясы үшін оңтайлы параметрлер анықталатын болады.
Дайындалған жаңа композитті катализаторлардың физика-химиялық сипаттамаларын және каталитикалық қасиеттерін зерттеу (сканерлеуші электронды микроскопия, Раман микроскопиясы, БЭТ, ИҚ-спектроскопия, рентгенофотоэлектронды және рентгенофазалық анализ, термогравиметриялық талдау және т.б.) жүргізіледі.
Тозған полимер қалдықтарын гидрогенизациялық термокаталитикалық өңдеу процесі арқылы алынған мақсатты өнімдердің негізгі физикалық-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Полимерлі қалдықтарды табиғи цеолит негізіндегі композитті катализаторлар қатысында термокаталитикалық өңдеуде алынған өнімдеріне жан-жақты талдау жүзеге асырылатын болады.
Зерттеу нәтижелері бойынша Web of Science дерекқорындағы импакт-факторы жоғары үш квартильдің біріндегі немесе Scopus дерекқорындағы CiteScore процентилі кемінде 50 болатын журналдарда кемінде 2 (екі) мақала жарияланады.
- 26.06.2025 ж. АР25794283 бағдарламасы бойынша сатып алуға жоспарланған тауарлардың,жұмыстар мен қызметтердің тізбесі
- 2025 жылы 15.09.2025 ж. АР25794283 жобасы бойынша сатып алуға жоспарланатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің нақтыланған тізбесі
- 14.10.2025 ж. АР25794283 жобасы бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің нақтыланған тізбесі
- 18.12.2025 ж. АР25794283 жобасы бойынша тауарлар жұмыстар мен қызметтердің нақтыланған тізбесі
- 05.01.2026 ж. АР25794283 жобасы бойынша тауарлар,жұмыстар және қызметтер тізбесі