Мансап және бизнес-серіктестік орталығы (әрі қарай – Орталық) ЖОО мен еңбек нарығы арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын құрылымдық бөлімше. Орталық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап жұмыс істейді.
Орталықтың миссиясы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлегінің тиімді мансаптық траекториясын жүзеге асыру.
Орталықтың басты мақсаты-Университет түлектерін жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Орталық қызметінің негізгі міндеттері:
– бизнес-құрылымдармен ынтымақтастықты дамыту және жүзеге асыру;
– жұмысқа орналастыру және мансапты қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
– ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
– түлектер және қамқоршылар қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру;
– жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту;
-студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (Бос орындар жәрмеңкесі, жұмыс беруші компаниялардың тұсаукесерлері, қонақ дәрістері және т. б.);
– олардың мансабын қадағалау үшін түлектермен байланыс орнату, қолдау және дамыту;
– компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге дайындық, жұмысқа қабылдау кезінде түйіндеме жазу және сұхбат алу бойынша тренингтер ұйымдастыру;
– еңбек нарығын талдау және нарықтың даму үрдістері және жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптары туралы ақпаратты талдау.
Мансап және бизнес-серіктестік Орталығының құрамы
Байланыс:
Тел: 8-7112-50-10-09, ішкі 2-24, 1-91.
e-mail: [email protected]