Кері
Сөйлеу мәдениеті және іскери қарым-қатынас
Курс авторы: Габдуалиева Зарифа Гарифуллаевна
Кредит саны: 10-12
Курс тіліҚазақ
Курс авторыГабдуалиева Зарифа Гарифуллаевна, магистр, Тілдерді дамыту орталығының аға оқытушысы
Курс мақсатыСөз сөйлеу техникасын, сөздің энергетикасын, сөйлеу әдебін меңгеріп, дауыспен жұмыс жасау техникаларын үйрену
Күтілетін нәтижеА (білім және түсіну) тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту;
В (білім және түсінулерді қолдану) Дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асыру:
– сөз сөйлеу жанры, сөйлеу әдебі мәселелеріне байланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу;
– тіл тазалығы туралы белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени сала) талқылауға өз қабылдауы бойынша баға беру;
– күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау).
С (пайымдауларды шығару (құрастыру)) Монолог түрінде:
– көпшілік алдына шыққан кездегі сөйлеу шеберлігі мен қорқынышты жеңудің тәсілдерін өз көзқарасы бойынша сипаттау;
-би-шешендердің ғибратты әңгімесін образды түрде айтып, сюжетін мазмұндау және дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіру;
Жазбаша түрде:
– қарапайым өзара байланысты мәтіндерді;
– тұрақты тіркестерді;
– тақырыптар мен тақырыпшалар аясындағы нақты жағдайларды немесе таныс заттар/объектілерді сипаттау;
– белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу.
Д (коммуникативті дағдылар) Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:
– мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы,  қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; нандыру, байқампаздық таныту; көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын, немқұрайлылығын білдіру.
– сұхбат кезінде әріптесінің әңгімесіне көңіл аудару; қызығушылық таныту.
Е (оқу дағдылары) Оқылым дағдылары:
– бейнесабақтағы қажетті мәліметті ала білу;
– мәтін тақырыбындағы негізгі идеяны табу;
– қызығушылық танытқан тақырыбы бойынша қарапайым мәтіндегі нақты ақпараттарды оқу және түсіну;
– қарапайым тілде жазылған мақал-мәтелдердің мазмұнын түсіну
ФорматКурс 4 аптаға арналған, 3 кредит. Курс бойынша білім алушының апталық жүктемсі  – 10-12 академиялық сағат. Апта сайынғы сабақтар қамтиды:
– қысқа бейне дәрістерді қарау;
– практикалық тапсырмаларды орындау
Қорытынды бақылау
БағдарламаМодуль 1. Тіл мәдениеті және ұлттық мұрат Тақырып 1. Сөйлей білу – өнер.
Тақырып 2. Сөйлеу мәдениеті, сөз әсерлігі.
Тақырып 3. Сөз сөйлеу энергетикасы.
Тақырып 4. Сөз дәлдігі.
Тақырып 5. Сөз әдебі.
Тақырып 6. Сөз жатықтығы.
Модуль 2. Тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері
Тақырып 7. Бақытым да, байлығым да – денсаулық.
Тақырып 8. Өнер алды – қызыл тіл.
Тақырып 9. «Қазақтың киелі шаңырағы – киіз үй».
Тақырып 10. Жақсы сөз – жарым ырыс.
Қорытынды бақылау. «Әдемі сөйлеу – сәттілік негізі» тақырыбы бойынша эссе дайындау.
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу