Кері
Қазақ тілі
Курс авторы: Амангалиева Аккербез Ербулатовна
Кредит саны: 5
Тема  Қазақ тілі
Курстың авторыАмангалиева Аккербез Ербулатовна – аға оқытушы, магистр
Курстың мақсаты  -Білім алушыларға қазақ тілін оқып үйрену барысында қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктері мен ойлау жүйесін меңгеруге бағыттайтын субъективті біліктілікті жетілдіру; -Қоғам өмірінің барлық саласында өзге қоғам мүшелерімен қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасап, түрлі мәселелер бойынша өзіндік көзқарас, пікір білдіруіне мүмкіндік беретін тілдік білікті дамыту; -Коммуникативтік біліктілікке қол жеткізу мақсатында тіл үйренушінің мемлекеттік тілде еркін түрде сөйлеп, жаза білу дағдыларын шыңдау.
Күтілетін нәтижеҚолданыста жиі кездесетін бірліктерді қолданып, тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени, кәсіби салаларда әртүрлі сөйлеу жағдаяттарына еркін араласады. Әртүрлі жанрдағы мәтін түрлерін оқып, түсініп, негізгі және көмекші ақпараттарды ажыратуға, мәтіндердегі мағыналық бөліктерді талдап, саралауға, негізгі ойды тұжырымдауға, тұтас мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін сипаттай білу дағдыларына қол жеткізеді.
ФорматКурс видеолекция мен тапсырмалар бойынша15 аптаға берілді.
БағдарламаТақырып 1.  Жеке тұлғаның қоғамдағы орны. Азаматтығы, ұлты, білімі, оқу орны туралы мәлімет. Зат есімнің септік жүйесі, септік жалғауларының мағыналары. Тақырып 2 . Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, отбасы берекесі, отбасындағы салт-дәстүрлер, туыстық атаулар туралы ақпарат. Жалпы және жалқы зат есімдер; көптік жалғаулы сөздің тәуелденуі Тақырып 3. Оқу орны, мамандық таңдау, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуі туралы ақпарат. Іс-қимыл, оқиға, зат адамдарға эмоциялық қатынастың және көзқарастың, бағалаудың берілуі, Есімдіктер, олардың түрлері және септелу ерекшеліктері. Тақырып 4. Жастардың қоғамдағы орны, іс-әрекеті. Қоғамның дамуына жастардың қосып жатқан үлесі туралы мәлімет. Тақырып 5. Денсаулық сақтау, спорттың денсаулыққа пайдасы, дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығы. Ұлттық сусынның пайдасы. Тақырып 6. Табиғи таза өнімдер және оған сұраныс, табиғи өнімнің сапасы, таза өнімнің денсаулыққа пайдасы. Іс-қимылдың объектісі, табыс септік жалғауының түсіріліп қолданылуы, күрделі сөздер (сүт өнімдері, ауыл шаруашылығы, қоршаған орта). Тақырып 7. Туған жерге саяхаттау; туған өлке, оның байлығы, табиғат көріністері; еліміздің туризм саласы. Жалпы және жалқы зат есімдер, деректі және дерексіз ұғымдардың атауы. Қүрделі атауларда тәуелдік жалғауының қолданылуы. Тақырып 8. Табиғатта болып жатқан өзгерістер. Табиғат құбылыстарының адам өміріне әсері. Күрт құбылмалы ауа райы туралы мәлімет. Мезгіл мағыналы сөздер (қыс, көктем, түсте, кеш батқанда) Тақырып 9. Уақыттың құндылығы, оны басқара білу, уақытты тиімді пайдалану және оны үнемдеу тәсілдері туралы ақпарат. Іс-қимылдың басталу, аяқталу мерзімі, адам жасының кезеңдерін білдіру, объектілік/субъектілік қатынастарды салыстыру. Тақырып 10. Қазақтың тұңғыш драма театры мен киносы. Алғашқы кино және пьесалар. Қазақтың танымал өнер қайраткерлері. Өзіне ұнайтын туынды жайлы әңгімелеу, театрға саяхат. Бірлескен  іс-қимылдың берілуі, қимылдың тәсілі, амалы. Жалпылау есімдіктері. Тақырып 11. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті, олардың үйлесімділігі туралы мәлімет. Есімдіктер және олардың септелу ерекшеліктері, жіктеу есімдіктері. Тақырып 12. Киім үлгілері пішіндерінің алмасуы, стиль ерекшеліктері. Қазіргі заманғы киім үлгісі. Қазақстаннның қазіргі сәнгерлерінің киім үлгілері. Сын-бейне үстеулері (әрең, бірте-бірте, ақырындап), мөлшер үстеулері (біраз, айтарлықтай,  бірен-саран).  Тақырып 13. Қазақ халқының рухани, мәдени мұрасы, оның ерекшеліктері. Проза және поэзия жанры туралы мәлімет. Танымдық, ақпараттық  мазмұндағы мәтіндерді  бағалау  және қорытындылау.  Себеп-салдар, ыңғайластық  жалғаулықтар (бастап, бері, кейін, сонымен, сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті, алайда,  қарағанда, салыстырғанда). Тақырып 14. Отан, туған жер ұғымы. Отанға деген сүйіспеншілік, елді, жерді құрметтеу, еліміздің рәміздерін қастерлеу жайлы ақпарат. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени  салалардағы қатысым түрлері. Сөйлемдердің логикалық, мағыналық байланысы. Реттік сан есім  мен зат есімнің тіркесі. Күрделі сан есімнің (жиырма бірінші ғасыр;  бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші  жылы) берілуі. Тақырып 15. Сәулет, қала құрылысы және тұрғын үй. Көппәтерлі тұрғын үйлердің сырт келбеті. Қазіргі заманауи үйлер, олардың ерекшелігі туралы ақпарат. Баяндау және пайымдау элементтері бар мәтіндерді бағалау, қорытындылау. Көмекші есімдер (айналасында, сыртында, маңайында.
📚 Loading…