Кері
Экономикалық принциптер
Курс авторы: Габдуалиева Раушан Смадиновна
Кредит саны: 5
Пән Экономикалық принциптер
Курс авторыГабдуалиева Раушан Смадиновна– профессор, экономика ғылымдарының докторы
Курс мақсатыБұл пән студенттерге экономика негіздерін және негізгі концепцияларды түсінуге мүмкіндік береді. Ол шектеулі ресурстардың жағдайында тиімді шешім қабылдау, нарықтық механизмдердің жұмысы, үкіметтің экономикаға әсері, халықаралық сауда, және ұзақ мерзімді экономикалық өсу сияқты тақырыптарды қамтиды. Пән экономика туралы жүйелі және кешенді білім беруге бағытталған, әрі студенттердің аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.  
Күтілетін нәтижеНегізгі экономикалық принциптерді түсіну: Студенттер экономикалық жүйелердің, нарықтық механизмдер мен экономикадағы әртүрлі қатынастардың негіздерін түсінуі қажет.Экономикалық талдау дағдылары: Студенттер экономикалық деректерді талдай білуі, статистикалық және экономикалық модельдерді қолдана отырып, әртүрлі экономикалық проблемаларды шешуге қабілетті болуы керек.Нарықтық процестерді түсіну: Экономикадағы сұраныс пен ұсыныс, баға құрылымы, бәсекелестік және монополия сияқты негізгі нарықтық процестерді түсіну маңызды.Экономикалық саясат және оның салдары: Студенттер экономикалық саясатты (салықтық, ақша-кредит, әлеуметтік) дұрыс түсініп, оның экономикаға әсерін бағалауға үйренеді.Құқықтық және әлеуметтік аспектілер: Экономикалық принциптерді іске асыруда құқықтық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі мен маңызын түсіну.Қазіргі заманғы экономикалық мәселелер: Әлемдік және ұлттық экономикалардағы негізгі мәселелерді, мысалы, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсім мен тұрақтылықты талдай білу.
ФорматКурс 15 аптаға арналған, видеолекциялар, презентация, оқулықтыар, кері байланыс, форум, сауалнама мен тапсырмаларды қамтиды.
БағдарламаМодуль 1. Базалық экономикалық қағидаттарға кіріспе
Тақырып 1. Экономикалық ғылымның даму кезеңдері
Тақырып 2. Қоғамдық өндіріс негіздері. Экономикалық жүйелер.
Тақырып 3. Нарық жүйе ретінде  экономикалық қатынастар. Бәсекелестік.
Тақырып 4. Өндіріс факторларының нарығы. 
Тақырып 5. Тұтынушының қажеттіліктері мен мінез-құлқы.
Тақырып 6. Өндіріс теориясы
Тақырып 7. Өндіріс шығындары
Модуль 2. Нарықтардың әртүрлі модельдеріндегі баға принциптері
Тақырып 8. Жетілген бәсекелестік жағдайындағы фирма
Тақырып 9. Жетілген бәсекелестік жағдайындағы фирма
Тақырып 10. Нарықтық билік. Монополия және монопсония
Тақырып 11. Нарықтық билік. Монополия және монопсония
Тақырып 12. Баға дискриминациясы
Тақырып 13. Олигополия жағдайындағы фирма
Тақырып 14 Монополистік бәсекелестік жағдайындағы фирма
Тақырып 15. Инвестициялар, уақыт және капитал нарығы
📚 Loading…