Кері
AutoCAD машина жасауды жобалау. Базалық деңгейде
Курс авторы: Нұралин Асыланбек Жұмамұратұлы
Кредит саны: 10-12
Курс тіліҚазақ
Курс авторыНұралин Асыланбек Жұмамұратұлы, «Жалпытехникалық дайындық» орталығының аға оқытушысы
Курс мақсатыКомпьютердің жадында және дисплей экранында жазық және үш өлшемді шынайы бейнелерді құру алгоритмдері мен әдістерін оқу және практикалық меңгеру; жалпы және композициялық есептерді шешуге қажетті графикалық редакторларда жұмыс істеудің практикалық дағдыларын дамыту –жобалау.
Күтілетін нәтижеAutoCAD бағдарламасын оқу нәтижесінде білім алушы: білуге:
• AutoCAD бағдарламасының интерфейсі;
• модельдеу негіздері;
• жоба элементтерін редакциялау негіздері;
• жобаның сызбалары мен ерекшеліктерін құрастыру параметрлері;
• бағдарлама баптаулары және бағдарлама құжатын әр түрлі пішімде сақтау параметрлері. меңгереді:
• AutoCAD-да өз бетінше жұмыс істеуді;
• екі өлшемді нысандарды құруды;
• екі өлшемді нысандарды өңдеуді;
• блоктарды жасау, графикалық суреттер мен сілтемелерді қоюды;
• нысандардың қасиеттерін басқаруды;
• қабаттармен жұмыс істеу: жасау, өңдеу, нысандарды құрылған қабаттарға орналастыру, басып шығару кезінде қабаттардың қасиеттерін басқаруды;
• құрамдастарды жасау және өңдеу және сызбаларды басып шығаруды;
• көлемді модельдерді жасау және оларды өңдеуді
ФорматКурс 4 аптаға арналған, 3 кредит. Курс бойынша білім алушының апталық жүктемсі  – 10-12 академиялық сағат.
Апта сайынғы сабақтар қамтиды:
– қысқа бейне дәрістерді қарау;
– практикалық тапсырмаларды орындау
Сынақ
БағдарламаТақырып 1. Пакетпен жұмыс істеудің жалпы қағидалары.
Тақырып 2. Құламалы мәзір (меню) мен құрал саймандар туралы түсінік.
Тақырып 3. Негізгі примитивтер.
Тақырып 4. Жұмысшы ортаны баптау.
Тақырып 5. Абсолютты және салыстырмалы координаттар.
Тақырып 6. Қабаттар туралы түсінік.
Тақырып 7. Сызбадағы мәтін түрлері, парақтар.
Тақырып 8. Бөлшектер бұрыштарының дөңгелектенуін орындау, түйіспелерді құру, сызықтардың қалыңдығын өзгерту.
Тақырып 9. Сызықтардың түрлері. Сызбадағы жазулар.
Тақырып 10. Тұйықталған контурларды құру.
Тақырып 11. Редакциялау.
Тақырып 12. Атрибуттармен жұмыс.
Тақырып 13. Өлшемдерді салу туралы түсінік. Сызбаларда өлшемдерді қою ережесі.
Тақырып 14. Құрастыру сызбаларын құру.
Тақырып 15. Мәтін стилін жасау.
Сынақ
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу