
ТДМ 15. Құрлық экожүйелерін сақтау 11 ұлттық көрсеткіштен тұрады (https://stat.gov.kz/ru/sustainable-development-goals/goal/15) «Ормандардың таза алаңының өзгеруі» индикаторын қоспағанда, жалпы оң динамика байқалады (2020 ж. – 195,1 мың га, 2021 ж.-318,4 мың га, 2023 ж. – 23,7 мың га). Орманмен жабылған жер көлемінің өсуі +8% және 13,7 млн. га құрайды.
Университет экожүйені қорғау, қалпына келтіру және қолдау бойынша зерттеулер жүргізеді. Университет кампус аумақтарының экожүйесін жасылдандыруға және қолдауға ұмтылады. Университет кампустарда қалдықтарды бөлек жинау саясатын ұстанады. Пластикалық қалдықтарды азайту, сондай-ақ оның ішінде қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату саясатын жүргізеді.