Университет
басшылығы
Басқарма төрағасы-ректор
Наметов Асқар Мырзахметұлы
Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, академик. Әр жылдары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ басқарма төрағасы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды. ҚР АШМ Ветеринария департаменті бекіткен 140-тан астам ғылыми мақала мен әдістемелік ұсынымдардың авторы. Өндірісте және ғылыми зертханаларда сәтті қолданылған 12 өнертабысқа патент алушы. «ҚР ветеринарлық заңнамасы» (3 томдық), жоғары кәсіптік және арнайы білім беру үшін ветеринарлық мал шаруашылығы мамандықтары бойынша 12 мемлекеттік стандарттарды әзірлеуші, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша 10 мемлекеттік стандарт, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру пәндері бойынша 20 үлгілік оқу бағдарламасы, ветеринариялық хирургия бойынша 3 оқулық, 4 анатомия оқулығы авторларының бірі. Ғылыми қызметі кезеңінде бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың 3 ғылыми жобаның, 2 гранттық жобаның жетекшісі, 10-нан астам ҚҚ және МҚ жобаларының бірлескен орындаушысы. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» наградалық белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Ректорат

Таубаев Өтеген Байырғалиұлы

Басқарма төрағасы-ректордың  бірінші орынбасары – стратегиялық даму және қаржы проректоры. Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор. Әр жылдары Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да кафедра меңгерушісі, факультет деканы, оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, бірінші проректор қызметтерін атқарды. Қазақ ұлттық жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі, әр жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі болды, ветеринария мамандықтарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының авторы. Жұқпалы ауруларды анықтау, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша 160-тан астам ғылыми мақаланың, оқу құралдарының, ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулардың авторы. Ветеринария ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларын сәтті қорғаған 4 аспирантқа ғылыми жетекшілік етті. Президенттің алғыс хатымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Еңбек даңқы», «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгілерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, А.Байтұрсынов атындағы алтын медальмен және көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Жеке тұлғаларды қабылдау күндері:
Әр айдың бірінші және екінші аптасының сәрсенбі күні
15:00 – 18:00
Әкімшілік ғимарат

Шәмшідін Әлжан Смайылұлы

Басқарма төрағасы-ректордың орынбасары – ғылым жөніндегі проректор. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ҚР АШМ жанындағы ғылыми-техникалық кеңестің мал шаруашылығы секциясының мүшесі.

Әр жылдары ҚазҰАУ мал шаруашылығы және асыл тұқымды істер кафедрасының кіші ғылыми қызметкері; мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және мал азығын талдау технологиясы зертханасының меңгерушісі (Алматы қ.); Ұлттық зияткерлік меншік институтында (патенттік ведомство) сарапшы, басқарма басшысы, (Астана қ.); ҚР АШМ «ҚазАгроИнновация» ғылыми-техникалық қызметті талдау менеджері (Астана қ.); ҚР АШМ «Республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы «Асыл түлік» АҚ-ның басқарма төрағасы; «Мал шаруашылығы және ветеринарияның ғылыми-инновациялық орталығы» ЖШС-ның бас директорының орынбасары; «Мал шаруашылығы және ветеринарияның ғылыми-инновациялық орталығы» ЖШС-ның бас директорының м.а. (Астана қ.) қызметтерін атқарды.

100-ден астам ғылыми жұмыстың, соның ішінде Web of Science, Scopus дерекқорларының, сондай-ақ 25-тен астам патенттердің авторы. Ғылыми қызығушылығы – сүтті және етті мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, асылдандыру, селекция, жануарлардың генетикасы және биотехнологиясы. ҚР АШМ БМҚ BR06249373 «Мал шаруашылығында селекция әдістерінің тиімділігін арттыру» ғылыми жобасының тең басшысы (2018-2020); жобаларда орындаушы: ҚР АШМ БМҚ BR06349618 «Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлеріндегі 100 сиырдан бастап сүтті мал шаруашылығындағы үлгілік фермалар базасында мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық процестерін автоматтандыру жөніндегі технологияларды трансферттеу және бейімдеу» (2018-2020), ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің ГҚ AP0805296 «Әулиекөл ірі қара малының ет өнімділігін тұқымға тән QTL-таңбалау және толық геномдық SNP негізінде қазақтың ақбас тұқымын чиптеу» (2020-2022), ҚР АШМ БМҚ BR10764999 «Селекциялық процесті тиімді басқару және жылқы шаруашылығында генофондты сақтау технологияларын әзірлеу» (2021-2023), ҚР АШМ БМҚ BR10764981 «Етті мал шаруашылығында генетикалық ресурстарды сақтау мен жетілдірудің селекциялық процесін тиімді басқару технологияларын әзірлеу» (2021-2023), ҚР АШМ БМҚ BR10765039 «Құс шаруашылығындағы селекциялық процесті тиімді басқару технологияларын әзірлеу» (2021-2023), ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің ГҚ AP14870614 геномы кең қамтылған SNP-генотиптеу негізінде жабе типті қазақ жылқысының өнімділік қасиеттерін генетикалық таңбалау (2022-2024), ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің ГҚ AP19680057 «Қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малының шаруашылық-пайдалы белгілерін зерттеу және генофондты қайта секвенирлеу және транскриптомдық талдау әдісімен сипаттау» (2023-2025).

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен, «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы мамандарының I, II және III дәрежелі «Еңбек Даңқы» медальдарымен марапатталған.

Жеке тұлғаларды қабылдау күндері:
Әр айдың бірінші және екінші аптасының сәрсенбі күні
15:00 – 17:00
Әкімшілік ғимарат

Сұлтанов Ақылбек Ұзақбайұлы

Басқарма төрағасы-ректордың орынбасары – тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессор, ҚХА-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша ғылыми сарапшы тобының мүшесі. Әр жылдары «Маркетинг және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, Экономика факультеті деканының орынбасары болып жұмыс жасаған. 60-тан астам ғылыми мақалалары мен оқу-әдістемелік басылымдары жарық көрген. ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ұлттық білім және ғылым орталығының Құрмет грамоталарымен, ҚР БҒМ-ның «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерімен, «Қазақ хандығына – 50 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. 

Жеке тұлғаларды қабылдау күндері:
Әр айдың бірінші және екінші аптасының жұма күні
15:00 – 18:00
Әкімшілік ғимарат

Губашев Нұркен Маратұлы

Басқарма төрағасы-ректордың орынбасары – оқу жұмыстары жөніндегі проректор. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент. Әр жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде кафедра меңгерушісі, басқарма басшысы, департамент директоры, оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 10-нан астам оқу басылымының, 140-тан астам ғылыми мақаланың, екі монографияның авторы. Мал шаруашылығында селекциялық жетістіктерге 6 патенті бар. Сингапур, Гонконг, Испания ЖОО-нда, Канаданың зерттеу ұйымдары мен өндірістерінде тағылымдамадан өткен. ҚР БҒМ және ҚР АШМ Құрмет грамоталарымен, ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған. Жас және талантты ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты.

Жеке тұлғаларды қабылдау күндері:
Әр айдың бірінші және екінші аптасының бейсенбі күні
15:00 – 18:00
Әкімшілік ғимарат
Бөлім басшылары

Тасқалиев Ерлан Карлұлы

Ректор аппаратының басшысы   

Тагаев Орынбай Оразбекұлы

Өндірістік, техникалық және инфрақұрылымдық қамтамасыздандыру департаментінің директоры, ветеринария ғылымының докторы, профессор

Бегеева Мира Кобландиевна

«Экономика және қаржы» департаментінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты

Богдашкина Ирина Вячеславовна

Стратегиялық даму және талдау басқармасының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты

Алмағамбетова Майра Жаубасарқызы

Білім беру менеджменті және мониторингі басқармасының басшысы, техника ғылымдарының кандидаты

Бакушев Асқар Асылғалиұлы

Академиялық мәселелер жөніндегі басқарманың басшысы, техника ғылымдарының кандидаты

Таршилова Людмила Сергеевна

Қосымша білім беру, біліктілікті арттыру бөлімінің басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Жұмабаев Асхат Қонысбайұлы

«Студенттер контингентін қалыптастыру» орталығының директоры

Есенаманова Айгүл Базарқызы

«Парасат» ақпараттық білім беру орталығының директоры

Камалова Гаухар Әбдумүтәліпқызы

Цифрлық даму орталығының директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты

Казамбаева Айгүл Мамайқызы

Технологиялық даму орталығының басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Султанова Замзагуль Хамитовна

Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі, доцент м.а., экономика ғылымдарының кандидаты

Институт директорлары

Губайдуллина Гульхан Муратбековна

Индустриалды-технологиялық институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, Доцент м.а.

Құбашева Жанна Қайыржанқызы

Политехникалық институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты

Ибыжанова Айжан Джексембаевна

Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты

Нұрғалиев Біржан Елубайұлы

«Ветеринария және агротехнология» институтының директоры, қауымдастырылған профессор (доцент), ветеринария ғылымдарының кандидаты

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу