Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) жоғары оқу орындарының түлектерін алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында КПО-ның 12 айлық «Жастар практикасы» бағдарламасына қосылуға шақырады.
Тәжірибе кезінде түлектер компанияның бір бөлімінде тәжірибелі жұмыскерлер ұжымында жұмыс істейтін болады. «Жастар практикасы» жұмыссыз түлектерге келесі мүмкіндіктерді береді:
- практикалық білім мен іс-тәжірибе алу,
- кәсіби ортаның қалай жұмыс істейтіні туралы түсінік алу,
- компанияның корпоративтік мәдениетімен танысу,
- өзін көрсете білу және мансаптық өсу үшін қажетті кәсіби және тұлғааралық дағдыларды жақсартуға мүмкіндік алу.
Биыл «Жастар практикасына» қандай мамандық бойынша шақырамыз?
Орал қаласына:
- Экономика және қаржы
- АТжТ
- Экология
БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласына:
- Экономика және қаржы
- АТжТ
- Химия
- Аспап жасау; Автоматтандыру және басқару
- Электр энергетикасы
- Мұнай-газ ісі
- Тіршілік қауіпсіздігі
«Жастар практикасы» бағдарламасына жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін 3 жыл ішінде (2022, 2023, 2024) тіркелген жұмыссыздар, яғни жұмыссыз түлектер қабылданады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды, жалақы мөлшері айына кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды, оны Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мансап орталықтарының» филиалдары төлейді. Жолдама алу үшін сіз тіркелген жеріңіздегі мансап орталығына хабарласуыңыз қажет (уақытша тіркеу қабылданады):
Бөрлі ауданының Ақсай қаласында тәжірибеден өту үшін – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Бөрлі ауданының мансап орталығы» филиалына.
Орал қаласында тәжірибеден өту үшін – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Орал қаласының мансап орталығы» филиалына.
Түлектердің оқу және сұхбат нәтижелері бойынша арасынан үздіктерін таңдау құқығын КПО өзіне қалдырады. Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, «Бөрлі ауданы және Орал қаласы Мансап орталықтары» филиалдарына немесе кадрлармен қамтамасыз ету және еңбек ресурстарын жоспарлау бөліміне хабарласыңыз [email protected] / +7 705 939 (6191) және (6144).