- Мақсаты
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында белсенді шығармашыл жастар қауымдастығының қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын қолдау болып табылады.
2. Міндеттері
- Талантты және талапты жастарды қолдау;
- Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін практикалық қызығушылық тудыратын жастардың инновациялық жобалары мен ғылыми-техникалық әзірлемелерін анықтау және қолдау;
- Жастардың жаңа және жұмыс істеп тұрған стартап-жобаларын іске асыруға жәрдем көрсету;
- Жастар арасында шығармашылық қызметті танымал ету.
3. Бағыттары
Гранттар Батыс Қазақстан облысының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
1) «Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
2) «Мәдениет» – Батыс Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
3) «Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
4) «Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
5) «Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
*Қосымша: Батыс Қазақстан облысы жастарының «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантында үздік деп танылған 10 жеңімпазға жобаларды жүзеге асыру үшін бағыттарға сәйкес – 1 000 000 (бір миллион) теңгеден қаржылай сыйлық қарастырылған.
4. Конкурс өткізу тәртібі
Конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – ұйымдастырушылардың конкурстық өтінімдерді қабылдауы және осы ережеге сәйкестігін қарауы;
2) екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және конкурс жеңімпаздарды анықтау.
Конкурстық өтінімдерді бағалау үшін ұйымдастыру алқасы конкурстық комиссия құрады.
Конкурстық комиссияны төраға басқарады. Конкурстық комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның өкілдері, ғалымдар және грант бағыттары бойынша мамандар мен сарапшылар енгізіледі.
Қорытынды конкурстық комиссияның отырысы ашықтық, айқындық қағидаттарында өткізіледі және ұйымдастырушылардың интернет-ресурстары мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн-трансляция режимінде өткізіледі.
Үміткер конкурсқа қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген электрондық мекенжайға және конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімдерде конкурстық өтінім береді.
Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді дайындауға және ұсынуға байланысты барлық шығыстарды үміткер көтереді.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
1) осы Ережелерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
2) жоба бойынша бейне (алпыс секундтан аспайды) немесе таныстырылым (он слайдтан аспайды);
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;
4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);
5) жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі қамтылуға тиіс.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты байқауына қатысу үшін 2024 жылдың 29 сәуірінен 29 мамырына дейін қосымшадағы өтінімдерді толтырып, қағаз түрінде және электрондық түрде [email protected] электронды поштасына жолдауы тиіс.
Конкурс өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген конкурстық өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінімдер қабылданбайды.
Конкурстық комиссияның мүшелері осы ережеге сәйкес келетін 4-қосымшаға сәйкес бағалау парағы бойынша конкурстық өтінімдерді бағалайды және грант алушыларды айқындайды.
Жобаны бағалау үшін келесі критерийлер бойынша 1 ден 10 ға дейінгі балл есептеледі:
- жобаның бағытқа сәйкестік дәрежесі;
- мәселені (ағымдағы жағдайды) түсіну және нақты сипаттау, статистика және ресми дереккөздерге сілтемелер келтіріледі;
- жобаның бәсекеге қабілеттілігі;
- ұсынылатын жобаның жаңашылдығы (бірегейлігі);
- бенефициарларды қамту және жобаны іске асыру ауқымы;
- жоспарланған нәтижелер шынайы және ұсынылған жоба аясында қол жеткізуге болады;
- қаржыландыру аяқталғаннан кейін қызметті жалғастыру және (немесе) нәтижелерді ілгерілету мүмкіндігі нақты сипатталған;
- сметада ұсынылған шығындар негізделген және шынайы;
- жобаны іске асырудың ұсынылған мерзімдері негізделген және шынайы.
*Ескерту: Үміткер ұсынған конкурстық өтінімде жобаның негізгі идеясы, оның әлеуметтік әсері, күтілетін нәтижелері ашып көрсетілмеген жағдайда және конкурстық комиссияда жобаға қосымша сұрақтар туындаған кезде, конкурстық комиссия төрағасының шешімі бойынша үміткердің баяндамаларын таныстырылымдарымен бірге көзбе-көз немесе қашықтықтан тыңдау жүргізіледі.
5. Грантты беру, пайдалану және қайтару тәртібі
Ұйымдастырушы тарап конкурстық комиссияның конкурс қорытындылары туралы хаттамасының негізінде грант алушы банктік шоттың бар-жоғы және нөмірі туралы анықтаманы ұсынғаннан кейін грант алушымен шарт жасасады;
Кәмелетке толмаған грант алушылар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен шарт жасасады;
Батыс Қазақстан облысы жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты қайтарымсыз грант болып табылады;
6. Қатысушылар
Батыс Қазақстан облысының 14-35 жас аралығындағы жастары қатыса алады.
7. Жобаның координаторы
Серікқалиев Тасболат Серікқалиұлы +7 708 952 66 80
+7 776 902 07 02
Электрондық почта: [email protected]