ШЕТ ЕЛДЕ ТЕГІН ОҚУ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2023 жылғы 05 мамырдағы №199 «2023 жылға арналған шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу үшін орын санын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША БІР СЕМЕСТР ШЕТ ЕЛДЕ ОҚУ ҮШІН КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Біздің университет үшін орын саны – 5.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранты) бойынша оқитын бакалавриат студенттері;
  2. шет тілін меңгеру деңгейі В2-ден төмен емес;
  3. GPA ағымдағы үлгерім транскриптінің орташа балы 3,00-ден төмен емес.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін үміткер халықаралық ынтымақтастық бөліміне мынадай құжаттарды ұсынады:

  • білім алушының өтініші;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі;
  • білімі туралы құжат: университеттің мөрімен расталған ағымдағы үлгерім туралы транскрипт;
  • шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері (IELTS, TOEFL) арқылы алынған сертификат;
  • егер үміткерде шет тілін меңгеру деңгейі туралы бірде-бір сертификаты болмаса, студент Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Тілдерді дамыту орталығынан (Бас ғимарат, 4 қабат, 409 кабинет) шет тілін меңгеру деңгейі туралы анықтама/сертификат алуы тиіс. 

Академиялық ұтқырлық шеңберінде оқуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі – 31.05.2023 дейін.

Барлық сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық бөліміне (Бас ғимарат, 2 қабат, 215 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ, сіз біздің WhatsApp-тағы ашық чатқа мына сілтеме арқылы қосыла аласыз: https://chat.whatsapp.com/Hj48pP8fmYt7UhLWu1M6Cx

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу