Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық рейтингтік агенттігі Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның үздік университеттерінің QS EECA University Ranking 2021 рейтингін жариялады.
Бағалауға 900-ден астам ЖОО қатысты, рейтингте тек 400 ЖОО ғана жарияланды. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 400 үздік университеттерінің қатарына енді.
QS EECA 2021 рейтингі университеттерді 10 критерий бойынша бағалайды: академиялық бедел (30%), жұмыс берушілер арасындағы бедел (20%), ғылыми-педагогикалық құрам мен студенттердің арақатынасы (10%), Scopus жарияланымдарының саны және олардың дәйексөзі (5%), халықаралық ғылыми байланыстар (10%), университеттің интернеттегі әсері (5%), PhD дәрежесі бар қызметкерлердің үлесі (5%), шетелдік қызметкерлер (2,5%) мен студенттердің үлесі (2,5%).
Asia University Rankings QS-тің 2021 жылғы толық рейтингін көру үшін басыңыз
https://www.topuniversities.com/university-rankings/eeca-rankings/2021