ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті сіздерді 2022 жылдың 27 сәуірінде өтетін Ашық есік күніне шақырады. Бұл күні Сіздер біздің университетке келіп, оның тарихымен, оқу-ғылыми зертханалармен, материалдық-техникалық базалармен танысуға, профессорлар мен ғылым докторларымен әңгімелесуге, білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат алуға және белсенді студенттік өмірді сезінуге мүмкіндік аласыз. 

Сізге тек мамандықтар туралы айтып қана қоймай, сондай – ақ,   сіздің болашақ мамандығыңыз қаншалықты өзекті екені, қайда жұмысқа орналасуға болады және қай салада қызмет ете алатыныңыз туралы жіті түсіндіріледі.

Ашық есік күні бағдарламасына мыналар кіреді:

– университетке саяхат;

– концерттік бағдарлама.

Сіздерді Жәңгір хан көшесі, 51, Бас ғимарат мекенжайы бойынша күтеміз.

📚 Loading…