Конкурстық құжаттар қабылдау басталды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан  аграрлық-техникалық университеті 7М07302-«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы бойынша жыл сайынғы магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсының ІІ кезеңін өткізу бойынша базалық жоғары оқу орны болып табылады және конкурстық құжаттарды қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Жұмыстарды белгіленген мерзімде қағаз және электрондық тасығыштарда Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы байқауын ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес («Республикалық ҒЗЖМ байқауына» деген белгімен) мына мекенжай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз: индекс 090009, Орал қ., Жәңгір хан көш., 51. Электрондық пошта: nirmbqatu@mail.ru. Сұрақтар бойынша телефон: +7 705 514 8957 (Загипова Раушан Мақсотқызы).

Байқауға жұмыстар 2026 жылдың 27 сәуіріне дейін қабылданады.

Loading…