ХІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ» өтетінін хабарлайды.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 2026 жылдың 9 сәуірінде 14.30 қазақ ақбас ірі қара малының құрылғанына 75 жыл толуына орай СТУДЕНТТЕРДІҢ, МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ЖӘНЕ ДОКТОРАНТТАРДЫҢ «ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗАМАНАУИ ЗЕРТТЕУЛЕРІ» АТТЫ ХІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ – ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ» өтетінін хабарлайды.

Конференцияға университеттің студенттерін, магистранттарын және докторанттарын, ҒЗИ және басқа да жас ғалымдарын баяндамаларымен қатысуға шақырамыз.

Конференцияға қатысу үшін 2026 жылғы 9 ақпаннан 20 наурызға дейін 1-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес ресімделген мақаланы жіберу қажет.

Мақаланы жариялау үшін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберу қажет.

Институт атауыАТӘЭлектрондық почта, телефон нөмірі
Ауыл шаруашылығы ғылымдары және ветеринария
1Ветеринария және агротехнология институтыСвотина Марина Александровна87778632212 qwerty1223456@mail.ru
Техникалық ғылымдар
2Индустриалды-техникалық институтыДжусупкалиева Роза Ибраимовна87478875259 rozaid@mail.ru
3Политехникалық институтыНасипкалиева Роза Ырысбикекызы87751746307 rozkdr@mail.ru
Әлеуметтік және экономикалық ғылымдар
4Экономика және тұрақты даму институтыМизамова Гулбаршын Нурлановна87078804134 mizamova2024@mail.ru
5Гуманитарлық, спорт және әскери даярлық факультетіБегилов Талгат Заурович+7714327530 talgat.begilov@mail.ru

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу және жинақтың электронды нұсқасында мақала жариялау тегін.

Конференция нәтижелері бойынша университет сайтында орналастырылатын тезистер жинағын электронды түрде шығару көзделген.

Қатысу форматы: online, offline.

Барлық тезистер плагиатқа қарсы жүйеде бірегейлікке тексеріледі, түпнұсқалық деңгейі кемінде 70% болуы керек, әйтпесе жұмыс жариялауға қабылданбайды.

Ескертпе: көптеген грамматикалық, орфографиялық, стилистикалық қателерге жол бере отырып, автоаудармашыны қолдана отырып аударылған және көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар жариялауға қабылданбайды.

Авторлар қосымша әдебиеттер тізімінде келтірілген деректердің дұрыстығына, сондай-ақ қолжазбада келтірілген дәйексөздердің, фактілердің, статистикалық мәліметтердің дәлдігіне жауап береді.

Талаптарға сәйкес келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кеш жіберілген тезистер жариялауға қабылданбайды.

Ұйымдастыру комитеті конференцияға қатысу үшін баяндамаларды іріктеу және редакциялау құқығын өзіне қалдырады.

Қосымша 1

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Мақалалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:

1. Қазақтың ақбас ірі қара мал тұқымын дамытудағы селекция, генетика және биотехнология

2. Ветеринариялық қамтамасыз ету, биологиялық қауіпсіздік және жануарлар денсаулығы

3. Мал шаруашылығындағы инженерлік-техникалықжәне цифрлық технологиялар

4. Аграрлық сектордағы экономика, менеджмент және агробизнес

5. Тұрақты ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

6. Аграрлық ғылым мен білім берудің әлеуметтік-гуманитарлық аспектілері

Жариялауға ұсынылатын материалдар келесідей талаптарға сәйкес болу керек:

1. Мақала қатаң түрде МЕМСТ 7.5-98 «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланған материалдардың баспа дизайны» бойынша рәсімделу керек.

Баспа материалдарының элементтерінің реттілігі келесідей:

– ӘОЖ индексі (ғылыми кітапханаларда бар индекстеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес);

– авторлар туралы мәліметтер (фамилиясы, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, жұмыс орындалған мекеменің толық атауы, қаласы көрсетілген);

– жарияланған материалдың тақырыбы (бас әріппен, қалың, 11 шрифтпен, Times New Roman, Times New Roman KKEK, абзац орталықтанған);

– 5 сөйлемнен аспайтын түйін (жарияланған материалдың мәтіні тілінде беріледі);

– 5 сөзден аспайтын түйінді сөздер;

– мақала мәтіні;

– пайдаланылған әдебиеттер тізімі (МЕМСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба». Библиографиялық жазба. Құрастырудың ережесі мен жалпы талаптары» (12 атаудан көп емес), сілтемелер мәтінде көрсетілгендей орналастырылады.

– 5 сөйлемнен аспайтын резюме (егер мақаланың мәтіні қазақ тілінде болса, онда түйіндеме орыс және ағылшын тілдерінде, егер мәтін ағылшын тілінде болса, онда түйіндеме қазақ және орыс тілдерінде жазылады).

2. Материалдар электронды түрде, Word A4 редакторында парақтың барлық жағынан 2,0 см жиектерімен, абзац – 1,0, Times New Roman шрифті, шрифт өлшемі 11, жоларалық интервал – 1.

3. Графикалық материал мәтінге еніп, графикалық редакторда жасалу керек. Сурет астындағы барлық белгілерді көрсете отырып келтіріледі. Реті бойынша нөмірленген кестелердің тақырыптары болуы керек (кестелер – 3-тен көп емес, суреттер – 5-тен көп емес).

4. Қолжазбаның жалпы көлемі аннотацияларды, қысқаша мазмұнын және суреттер мен кестелерді ескере отырып, 5 беттен аспайды.

5. Мақалаға міндетті түрде бірінші автор қол қояды (мақалада 2 автордан артық емес). Бір авторға жинақта 1 мақаладан артық емес жариялауға рұқсат етіледі.

Айтпаева Зухра Сансызбаевна, Ғылым және технологияларды коммерцияландыру департаментінің ғылыми жұмыс секторының сарапшы-талдаушысы, тел.: +7 705 252 02 52,

e-mail: nauka.zkatu@bk.ru

Қатысуға өтінім формасы:

Баяндаманың атауы 
Т. А. Ә. 
Ұйым 
Академиялық дәрежесі 
Мекенжайы 
Телефон, e-mail 
Күні 
Қолтаңба 

Мекенжайы: «Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ:

090009, Қазақстан Республикасы

БҚО, Орал қ., Жәңгір хан көшесі, 51

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ

ҮЛГІ

ӘОЖ 338.436.33

Қарабалин Н.Ш., магистр

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ , Орал қ.

Иванов И.И., жетекші

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ, Орал қ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІКПЕН ӨЗІН-ӨЗІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ: ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Түйін

Мақалада ……

Түйін сөздер: 5 сөз

Мәтін, мәтін, мәтін, мәтін, мәтін.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

АННОТАЦИЯ

ABSTRACT

📚 Loading…