«Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына» сәйкес, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді (ер балалар мен қыздар) қабылдайды. Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.
Әскери кафедрада оқу:
БҚАТУ-дың студенттері үшін – тегін негізде;
басқа ЖОО-ның студенттері мен қыздар үшін – ақылы негізде;
запастағы сержанттар үшін оқу 1 жыл – ақылы негізде.
Құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
Студенттерді конкурстық қабылдау төрт кезеңде жүзеге асырылады:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәргерлік сараптаманы жүргізу қағидалары және әскери-дәргерлік сараптама органдары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес бекітілген медициналық куәландырудан өту – ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айларында;
2. Кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу, дене шынықтыру дайындығын тексеру, конкурстық қабылдау – 2023 жылғы 12-24 маусым аралығында жүргізіледі.
Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі.
Әскери кафедрада өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 31 мамырға дейін, күн сайын сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.
- Оқуға ниет білдірген студент әскери кафедраға келіп, өтініш жазады және өзімен бірге алып келуі тиіс:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- көлемі 3х4 2 фотосурет;
- сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
- спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.
- Факультет деканының қолы мен деканаттың мөрі қойылған студенттің ЖОО-да нақты оқуы туралы анықтама;
- үш парақ А-4 форматты ақ қағаз.
Оқуға түсу жөніндегі сұрақтар бойынша Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасына жолығыңыз немесе 50-16-57 телефонына хабарласыңыз (ішкі тел. 1-88). [email protected]