Freedom Grants білім гранттарына өтініштер қабылдау басталды!

Достар, керемет жаңалық! Бүгін Freedom Grants білім беру жобасы басталды. Жаңа жоба аясында Freedom Bank университетімізге 15 білім грантын береді. Конкурсқа кемінде 75 балл жинаған үміткерлер қатыса алады.

Freedom Bank-тің грантына үміткер болу үшін сізге қажет:

  • 1 – 13 тамыз – университетіміздің қабылдау комиссиясына өтініш және ҰБТ сертификатын беру;
  • 14 – 18 тамыз – Instagram-да Банктің парақшасын @bankffin.kz белгілей отырып, #FreedomGrants хештэгімен пост немесе рилс жариялау. Оның ішінде Сіз өзіңіз туралы айтып, оқығыңыз келетін университетті атаңыз, неліктен осы немесе басқа мамандықты таңдағаныңызды және өз аймағыңызды қалай жақсартқыңыз келетінін түсіндіруіңіз керек;
  • 21 тамыз – Freedom Grants иегерлері кездейсоқ сандар генераторы арқылы Банктің ресми парақшасында @bankffin.kz тікелей эфирде анықталады.

Конкурсқа келесі білім беру бағдарламалары қатысады: В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі, В051 Қоршаған орта және В057 Ақпараттық технологиялар.

Freedom Grants – талапкерлерге арналған байқау және білім беру грантының иегері болу мен еліміздің үздік университеттерінде тегін білім алу мүмкіндігі.⠀

✅ Толық шарттармен профиль тақырыбындағы сілтеме немесе grants.freedombank.kz сайтында, сондай-ақ университеттің қабылдау комиссиясында танысасыз.

Қосымша ақпарат: wkau.edu.kz сайты

@bqatu_wkau

📱87772680077

📱87769128383

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу