«Жәңгір хан атындағы БҚАТУ» КеАҚ егде жастағы тыңдаушыларды «Күміс университет» жобасының бағдарламаларына оқуға шақырады. Бұл жоба өмір бойы білім беру тұжырымдамасына және ҚР-дағы жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты – егде жастағы адамдардың шығармашылық және кәсіби қызметін кеңейту. Жоба зейнеткерлерге жас кезінде үлгермеген немесе оқығысы келмеген салаларын меңгеруге мүмкіндік береді. Тренингтерге, семинарларға, шеберлік сабақтарына қатысушылар әлеуметтік желілерді пайдалануды, ұялы телефонда бағдарламалармен жұмыс істеуді, көпшілік алдында сөйлеуді үйренеді, қаржылық сауаттылығын арттырады, салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын меңгереді.
Бағдарламалар тізімі:
1. Электронное правительство и государственные услуги
2. Информационно-коммуникационные технологии
3. Қаржылық сауаттылық негіздері/Основы финансовой грамотности
4. Жасы үлкен жастағы адамдарды дене шынықтырумен сауықтандыра әлеуметтік өмірін белсендіру
5. Жасы үлкен адамдарды бейімдеу, дене шынықтырумен оңалту
6. Жасы үлкен адамдардың икемді дене шынықтыру құралдарын таңдауы мен қолдануына қолдау жасау
7. Деловой казахский язык
8. Разговорный казахский язык
55 жастан асқан тыңдаушыларды біздің жаңа бағдарламамызға оқуға шақырамыз. Сабақтар 2024 жылдың 1 қазанында басталады. Оқыту тегін, оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі.
Қосымша сұрақтар бойынша төмендегі мекенжайға хабарласыңыз:
БҚО, Орал қ., Жәңгір хан көш., 51
Анықтама тел. 8(7112)521962
Қашықтықтан және қосымша білім беру бөлімі