- «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына» сәйкес, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді (ер балалар мен қыздар) қабылдайды. Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.
- Әскери кафедрада оқу:
- БҚАТУ-дың студенттері үшін – тегін негізде;
- басқа ЖОО-ның студенттері мен қыздар үшін – ақылы негізде;
- запастағы сержанттар үшін оқу 1 жыл – ақылы негізде.
Құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.
- Студенттерді конкурстық қабылдау төрт кезеңде жүзеге асырылады:
1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәргерлік сараптаманы жүргізу қағидалары және әскери-дәргерлік сараптама органдары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес бекітілген медициналық куәландырудан өту – ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айларында;
2. Кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу, дене шынықтыру дайындығын тексеру, конкурстық қабылдау – 2022 жылғы 13-23 маусым аралығында.
Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі.
Әскери кафедрада өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 31 мамырға дейін, күн сайын сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.
- Оқуға ниет білдірген студент әскери кафедраға келіп, өтініш жазады және өзімен бірге алып келуі тиіс:
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
- көлемі 3х4 2 фотосурет;
- сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
- спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.
- жеке істі ресімдеуге арналған көрінетін үш файл және екі парақ А-4 форматты ақ қағаз.
Оқуға түсу жөніндегі сұрақтар бойынша Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасына жолығыңыз немесе 50-16-57 телефонына хабарласыңыз (ішкі тел. 1-88). [email protected]
Әскери кафедра