ACeSYRI жобасының сыртқы сарапшысына байқау

Erasmus+ бағдарламасының» Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық»  (ACeSYRI) жобасыгың консорциумы жобаның іске асырылу дәрежесі мен тиімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізу үшін сыртқы сарапшының функцияларын жүзеге асыруға конкурс жариялайды.

ACeSYRI жобасының сапасын бақылау тобы бекіткен критерийлерге сәйкес тұлғалардың жеке өтінімдері қаралады.

  1. Жобаның мақсаттары мен міндеттері:

Қазақстандағы жас зерттеушілердің ғылыми жұмыс жағдайларын жақсарту.

Қазақстандық және еуропалық университеттердің жас зерттеушілері мен оқытушыларының халықаралық ынтымақтастығы үшін инновациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ету.

Докторанттарға Қазақстаннан тыс жерлерде өздерінің зерттеу салаларымен байланысты салаларда кеңес берушілерді табу және оларды халықаралық жобаларға тарту үшін электрондық платформа ұсыну.

2. Сыртқы сарапшыға қажетті білім

Үміткердің кез-келген салада кем дегенде магистр дәрежесі болуы керек.

3. Дағдылар мен жұмыс тәжірибесі

Жоғары білім беру жүйесіндегі расталған кәсіби тәжірибе.

Erasmus+ жобалары немесе басқа халықаралық жобалар бойынша расталған жұмыс тәжірибесі.

Сұхбат барысында расталған ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерін білу.

Erasmus + жобаларын бақылау рәсіміне қатысу тәжірибесі құпталады.

Erasmus + бағдарламасы елдерінің университеттерінде жұмыс тәжірибесі құпталады.

4. Сыртқы сарапшының міндеттері

– жобаға қатысушылардың процестері мен нәтижелерін қарастыру;

– жобаның мақсаттарына, даму тиімділігіне, әсері мен тұрақтылығына, оның ішінде ACeSYRI жобасының сапасын бақылау тобының мүшелері ұсынған қатысушылардың сауалнама нәтижелері бойынша баға беру;

– сараптамалық қорытынды дайындау;

– 2023 жылдың күзінде өтетін сараптамалық жиналыста бағалау нәтижелерімен сөз сөйлеу.

5. Шарттар мен қызметтерге ақы төлеу

Сыртқы сарапшыға консорциумның нақты мүшесінде жобаны іске асыруға байланысты құжаттамаға қолжетімділік беріледі. Консорциум мүшесінің сарапшысын іріктеу рәсімінен өткен сарапшыны бекітуді ACeSYRI жобасының сапасы жөніндегі офицер жүзеге асырады.

Сыртқы сарапшы белгіленген уақыт шеңберінде қызмет көрсетуге және сараптамалық қорытынды беруге және оларды 2023 жылдың күзінде сараптамалық жиналыста жария түрде жариялауға міндеттенеді.

Сыртқы сарапшы алынған деректердің құпиялылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Барлық міндетті аударымдарды қоса алғанда, сыртқы сарапшы қызметтерінің құны 400 еуроға тең. Салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды төлеуді сыртқы сарапшы дербес жүргізеді. Қызметтердің құнын теңгемен аудару Еуропалық комиссияның төлем сәтіндегі айырбас бағамы бойынша жүзеге асырылады.

6. Өтінімге қойылатын мерзімдер мен талаптар

Сыртқы сарапшы функцияларын жүзеге асыру үшін конкурсқа қатысу туралы өтініш берудің соңғы мерзімі 2023 жылдың 5 маусымы.

Өтініш [email protected] электрондық поштасына Erasmus+ ACeSYRI жобасының сыртқы сарапшысы байқауына тақырыбын көрсетіп жіберілуі.

Өтінішке еркін нысанда дайындалған түйіндеме, білім туралы дипломның түпнұсқасының сканерлен нұсқасы, еңбек кітапшасының немесе жұмыс орнынан ресми анықтаманың түпнұсқаларының сканерленген нұсқалары, Erasmus+ жобалары немесе басқа да халықаралық жобалар бойынша жұмыс тәжірибесін және Erasmus+жобаларын мониторингілеу рәсіміне қатысу тәжірибесін растайтын құжаттардың сканерлерлен нұсқасы қоса беріледі.

Түйіндеме өтініш берушінің дағдыларын, құзыреттері мен тәжірибесін бағалау үшін сұралады.

7-25 маусым аралығында байқау критерийлеріне сәйкес келетін өтініш берушілермен сұхбат жүргізілетін болады.

Сыртқы сарапшыны таңдау ACeSYRI жобасының сапасын басқару тобының отырысында 2023 жылғы 30 маусымнан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Барлық өтініш берушілер іріктеу критерийлеріне сәйкестігі, сұхбатқа жіберу, сұхбат беру (іріктеу критерийлеріне сәйкес келген жағдайда) және іріктеу нәтижелері туралы сапаны бақылау тобының шешімі туралы хабарланатын болады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу