Магистратурада оқу үшін білім беру гранттарын тағайындау конкурсы 2021 жылдың 25 желтоқсанына дейін өткізілетін болады.
Магистратураға қысқы кезеңге қабылдау – 2021 жылдың 26-шы желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 10-шы қаңтарына дейін жүргізіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін – 75 балды, бейіндік магистратураға түсу үшін – 50 балды құрайды.
Магистратураға түсуге арналған құжаттар тізімі:
1) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3) 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
4) кешенді тестілеуден өткендігі жөнінде сертификат
5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат: ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic), шекті балл кемінде – 6,0; TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Internet-based test), шекті балл кемінде – 60; TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 498; неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau С1/С1 деңгейі); француз тілі: TFI (Test de Franзais International™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес), DELF (Diplome d’Etudes en Langue franзaise) – B2 деңгейі, DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise) – С1 деңгейі, TCF (Test de connaissance du franзais), шекті балл кемінде – 50 (бар болған жағдайда);
6) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
7) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Құжаттарды қабылдау бас ғимараттың 250 кабинетінде жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 жүргізіледі.
P.s. Университеттің білім беру бағдарламалары (мамандықтары) туралы толық ақпаратты университет сайтынан оқи аласыздар. Білім беру бағдарламаларын таңдау, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқу бойынша сұрақтарыңызды [email protected] электронды поштасына жолдасаңыз болады. Толығырақ мәлімет алу үшін байланыс телефондары: + 7 7112 50 24 01, 50 21 42, + 7 777 268 00 77, +7 707 681 00 75