Жоба / бағдарлама тақырыбының атауы:
AP25796981 «Ғимараттардың сыртқы қабырғаларын әрлеуге арналған золь-силикатты бояу құрамын әзірлеу»

Негізгі ақпарат

Өтінім берілген ғылымды дамытудың басым бағытының атауы: 2) Энергетика, озық материалдар және көлік

Зерттеудің мамандандырылған ғылыми бағытының атауы: 15. Жаңа материалдар және нанотехнологиялар.

Жобаның ғылыми жетекшісі:: Мажитов Еркебулан Бисенгалиевич, техника ғылымдарының кандидаты, доценттің м.а.

Іске асыру кезеңі, оның ұзақтығы айларда. 01.01.2025–31.12.2027 жж., ұзақтығы 36 ай.

Қаржыландырудың жалпы көлемі және жылдар бойынша: 28216,14 мың.тг,

2025 жыл – 9 447, 200 мың.тг;

2026 жыл – 8 784, 000 мың.тг;

2027 жыл – 9 954, 940 мың.тг.

Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау нысандары:

  1. Полисиликатты ерітінділердегі кремнеземнің коллоидтық-химиялық күйінің өзгеру заңдылықтарын зерттеу;
  2. Жоғары пайдалану қасиеттері бар золь-силикатты бояудың оңтайлы рецептурасын әзірлеу;
  3. Золь-силикатты бояу негізіндегі жабындардың пайдалану беріктігін зерттеу

Жоба / бағдарламаның мақсаты:

Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары негізінде ғимарат қабырғаларын әрлеуге арналған, жоғары пайдалану қасиеттері бар отандық золь-силикатты бояуларды алу үшін ғылыми тұрғыдан негізделген ұтымды технологияны әзірлеу.

Зерттеу тобының құрамы:

№ п/пАты-жөні.Жоба орындаушысыScopus Author IDResearcher IDORCID
1Мажитов Еркебулан БисенгалиевичЖоба жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.56669837600U-3209-2018https://orcid.org/0000-0001-9536-3442
2Монтаев Сарсенбек АлиакбарулыҒылыми кеңесші, техника ғылымдарының докторы, профессор56127998300AAH-1665-2021https://orcid.org/0000-0001-5072-8989
Жобаның / бағдарламаның міндеттері
  1. Полисиликатты ерітінділердегі кремнеземнің коллоидтық-химиялық күйінің өзгеру заңдылықтарын зерттеу;
  2. Жоғары пайдалану қасиеттері бар золь-силикатты бояудың оңтайлы рецептурасын әзірлеу;
  3. Золь-силикатты бояу негізіндегі жабындардың пайдалану беріктігін зерттеу.
Алынған нәтижелер мен жаңалығы

Жобаның ғылыми жаңалығы полисиликатты ерітінділердегі кремнезем күйінің өзгеруін реттейтін заңдылықтарды зерттеуде жатыр. Бұл құрамында кремний қышқылының сілтілі золь мөлшері, ерітіндінің қартаю уақыты және сілтілі металдардың түрлі катиондарының әсері сияқты факторлар кешеніне байланысты. Мұндай зерттеулер сілтілі металдардың катиондарына байланысты полисиликатты ерітінділердегі кремнекышқылды аниондардың құрамын және фракциялық таралу ерекшеліктерін тереңірек анықтауға мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер
  1. Полисиликатты ерітінділердегі кремнеземнің коллоидтық-химиялық күйінің өзгеру заңдылықтары зерттеледі;
  2. Жергілікті толтырғыштар негізінде золь-силикатты бояудың рецептуралары әзірленеді;
  3. Золь-силикатты бояу негізіндегі жабындардың пайдалану қасиеттеріне түрлі рецептуралық-технологиялық факторлардың әсер ету заңдылықтары анықталады.

Зерттеу нәтижелері бойынша Web of Science дерекқорындағы импакт-факторы жоғары үш квартильдің біріндегі немесе Scopus дерекқорындағы CiteScore процентилі кемінде 50 болатын журналдарда кемінде 2 (екі) мақала жарияланады.

 

Жоба аясында жарияланған жұмыстардың тізімі
📚 Loading…