Орта қуатты қысқатолқынды станциялар

Оқу мерзімі
1 жыл
Тағайындалуы
«Орта қуатты қысқатолқынды радиостанциялар» мамандығы бойынша әскери даярлық курсынан өткен запастағы сержант бейбіт және соғыс уақытында байланыс бөлімдері мен бөлімшелерінде әскери қызмет өткеру үшін дайындалған.
Біліктілік талаптар
Запастағы сержант:
  • жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, әскери-техникалық және жалпыәскери дайындыққа ие болуы;
  • базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
  • бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек:
  • тактикалық-техникалық деректерді, материалдық бөліктің құрамын, жалпы құрылымын, зерттелетін техниканың құрылымдық схемаларын, сондай-ақ аппаратураның негізгі тораптарының физикалық процестерін, оның жауынгерлік қолданылуын, пайдалану және техникалық қызмет көрсету қағидаларын;
  • байланыс құралдарын электрмен қоректендіру жүйесін, жеке құрамның қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуді, әскери байланыс техникасын қашықтықтан басқару принциптерін;
  • техниканы, аппаратураны және байланыс құралдарын жерге қосуды қамтамасыз ету қағидалары мен тәртібін;
  • орташа қуатты радиостанцияларды пайдалану, қызмет көрсету, сақтау және жөндеу ережелері мен ұйымдастырылуын анықтайтын негізгі басқару құжаттарын.
Істей алуы қажет:
  • қару-жарақ пен әскери байланыс техникасын жауынгерлік қолдануға әзірлікке келтіре білу, оның техникалық жай-күйін тексеру және бағалауды;
  • әскери байланыс техникасын пайдалану, техникалық қызмет көрсетуді орындау және жөндеу кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізе білуді;
  • штаттық техниканы, аппаратура мен байланыс құралдарын пайдалана отырып байланыс орнатуды және қамтамасыз ете білуді;
  • басшылық және техникалық құжаттаманы дұрыс пайдалана білуді.
Әскери атағы
Запастағы кіші сержант
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу