Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру

Оқу мерзімі
2 жыл
Тағайындалуы
«Құрлық әскерлерінде байланысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша әскери даярлық курсынан өткен запастағы офицер бейбіт және соғыс уақытында байланыс бөлімдері мен бөлімшелерінде, бастапқы офицерлік лауазымдарда қызмет өткеруге арналған.
Біліктілік талаптар
Запастағы офицер:
  • жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, әскери-техникалық және жалпыәскери дайындыққа ие болуы;
  • базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
  • бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдауы, бағыныштыларды оқытуда және тәрбиелеуде әскери педагогика қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек:
  • ҚР ҚК байланысты ұйымдастыру негіздерін, ұйымдық-штаттық құрылымын, ұрыста және операцияда байланыс бөлімшелерін жауынгерлік қолдану негіздерін;
  • жалпыәскери бөлімшелер мен бөлімдердегі байланыс жүйесін, бөлімшелерін басқару негіздерін;
  • телефон және телеграф байланыс аппараттарына қойылатын талаптарды, пайдалану ережелері мен жұмыс қағидаларын;
  • телефон және телеграф байланысының негіздерін, коммутацияның заманауи құралдарын.
Істей алуы қажет:
  • жалпыәскери бөлімше мен бөлімнің байланыс жүйесін басқаруды;
  • байланыс желілерінде байланыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауды;
  • коммутация аппаратурасында жұмыс істеу және байланыс желілерін басқару кезінде қауіпсіздік шараларын орындауды.
Дағдыларды пысықтауы керек:
  • негізгі байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру мен жүргізуде;
  • жалпы әскери бөлімшенің байланыс жүйесін басқаруда.
Әскери атағы
Запастағы лейтенант
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу