Инженерлік, жол-құрылысы, көпір құрылысы, ағаш дайындау, инженерлік-әуеайлақтық техника мен мүлік

Оқу мерзімі
1 жыл
Тағайындалуы
«Инженерлік, жол-құрылысы, көпір құрылысы, ағаш дайындау, инженерлік-әуеайлақтық техника мен мүлік» мамандығы бойынша әскери даярлық курсынан өткен запастағы сержант бейбіт және соғыс уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің инженерлік әскерлердің бөлімдері мен бөлімшелерінде сержанттық лауазымдарды атқаруға арналған.
Біліктілік талаптар
Запастағы сержант:
  • жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, әскери-техникалық және жалпыәскери дайындыққа ие болуы;
  • базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
  • бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек:
  • қазіргі заманғы жалпыәскери ұрысты инженерлік қамтамасыз етуді, ұрысты инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындауды ұйымдастыруды;
  • инженерлік техниканың мақсатын, тактикалық-техникалық сипаттамаларын;
  • инженерлік бөлімшелердің инженерлік техникасын жалпыәскери ұрыста қолдану тәртібін; жергілікті жердің қорғаныс  және бүркемелеу қасиеттерін, оларды әскерлерді қорғау үшін пайдалануды.
Істей алуы қажет:
  • жауынгерлік міндеттерді қою және жауынгерлік іс-қимылдарды уақытылы инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік бөлімшеге қажетті өкімдер беруді;
  • әскерлерді фортификациялық жабдықтау және бүркемелеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
  • инженерлік бөлімшенің техникасын, қару-жарағын пайдалануды ұйымдастыруды және басқаруды.
Әскери атағы
Запастағы кіші сержант
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу