Инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану

Оқу мерзімі
2 жыл
Тағайындалуы
«Инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану» мамандығы бойынша әскери даярлық курсынан өткен запастағы офицер бейбіт және соғыс уақытында инженерлік әскерлердің бөлімдері мен бөлімшелерінде, бастапқы офицерлік лауазымдарда әскери қызмет өткеру үшін дайындалған.
Біліктілік талаптар
Запастағы офицер:
  • жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, әскери-техникалық және жалпыәскери дайындыққа ие болуы;
  • базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
  • бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдауы, бағыныштыларды оқытуда және тәрбиелеуде әскери педагогика қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек:
  • қазіргі заманғы жалпыәскери ұрысты инженерлік қамтамасыз етуді, ұрысты инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындауды ұйымдастыруды;
  • инженерлік техниканың мақсатын, тактикалық-техникалық сипаттамаларын;
  • инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелердің инженерлік техниканы жалпыәскери ұрыста қолдану тәртібін; жергілікті жердің қорғаныс  және бүркемелеу қасиеттерін, оларды әскерлерді қорғау үшін пайдалануды.
Істей алуы қажет:
  • жауынгерлік міндеттерді қою және жауынгерлік іс-қимылдарды уақытылы инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшеге қажетті өкімдер беруді;
  • инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімше командирінің жауынгерлік құжаттарын жоспарлау және әзірлеу, әртүрлі ұрыс түрлерінде командирдің жұмыс картасын жүргізуді;
  • әскерлерді фортификациялық жабдықтау және бүркемелеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
  • инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшенің техникасын, қару-жарағын пайдалануды ұйымдастыруды және басқаруды.
Дағдыларды пысықтауы керек:
  • жауынгерлік іс-қимылдарды инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды және оған басшылық етуді білетін инженерлік әскерлердің запастағы офицерін даярлауда;
  • инженерлік-саперлік (инженерлік) бөлімшелердің есебінде тұрған техниканы пайдалану мен жөндеуді басқара білуде;
  • әскерлер орналасқан аудандар мен позицияларды фортификациялық жабдықтау жөніндегі міндеттерді орындауда.
Әскери атағы
Запастағы лейтенант
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу