Далалық сумен жабдықтау

Оқу мерзімі
1 жыл
Тағайындалуы
«Далалық сумен жабдықтау» мамандығы бойынша әскери даярлық курсынан өткен запастағы Сержант Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің инженерлік әскерлері бөлімшелерінде сержанттар лауазымдарында қызмет өткеруге арналған.
Біліктілік талаптар
Запастағы сержант:
  • жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, әскери-техникалық және жалпыәскери дайындыққа ие болуы;
  • базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
  • бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек:
  • су көздеріне барлау жүргізуді және жергілікті жерді сумен қамтамасыз етуді;
  • суды өндіру, тазалау, тұщыландыру және сақтау құралдарының жіктелуін, жалпы құрылымын;
  • жауынгерлік іс-қимылдарды дайындау және жүргізу кезінде далалық сумен жабдықтау бөлімшесі командирінің жұмысының реттілігі мен мазмұнын;
  • алдағы іс-қимылдардың сипаты мен жергілікті жерді сумен қамтамасыз етуді ескере отырып, шаруашылық-ауыз судың, реагенттердің, сүзгіш материалдардың қажетті қорларын құру кезектілігін.
Істей алуы қажет:
  • далалық сумен жабдықтау пункттерін жабдықтау бойынша инженерлік әскерлердің бөлімшелерін басқаруды және міндеттердің орындалуын ұйымдастыруды;
  • далалық сумен жабдықтау пунктіне кірме жолдарды жабдықтауды;
  • далалық сумен жабдықтау пунктін жабдықтауды және бүркемелеуді;
  • әртүрлі су көздерінде далалық сумен жабдықтау пункттерін жабдықтау бойынша міндеттерді орындауды;
  • суды тазарту, өндіру құралдарын сақтау, есепке алу, беру және беруді ұйымдастыруды.
  • выдачу и средств добычи, очистки воды.
Әскери атағы
Запастағы кіші сержант
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу