Атқыштық

Оқу мерзімі
1 жыл
Тағайындалуы
«Атқыштар» бөлімшесінің командирі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің әскери бөлімшелерінде сержанттық лауазымдарды атқаруға арналған.
Біліктілік талаптар
Запастағы сержант:
  • жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, атыс және техникалық дайындыққа ие болуы;
  • базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
  • бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдауы  қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек:
  • қазіргі заманғы жалпыәскери ұрыстың негіздерін, ұрысты ұйымдастыруды және жүргізуді;
  • ҚР Қарулы Күштерінің құрылу тарихын, құрылымын, даму міндеттері мен перспективаларын, ҚР ҚК түрлерінің рөлі мен мақсатын;
  • қазіргі заманғы соғыстың сипатын, сол кезде қолданылатын қарулы күрес құралдарын, қазіргі жалпыәскери ұрыстың негіздері мен оның негізгі түрлерін;
  • ұрыстағы бөлімшелерді басқару тәсілдері мен құралдарын;
  • қару-жарақтың мақсаты, тактикалық-техникалық сипаттамалары және жалпы құрылысын, ЖҰМ қару-жарағының мақсаты мен жауынгерлік мүмкіндіктерін.
Істей алуы қажет:
  • бөлімшенің, взводтың ұрысын ұйымдастыруды және ұрыста бөлімшелерді басқаруды;
  • атыс даярлығы бойынша сабақтарда оқу құралдары мен техникалық оқыту құралдарын қолдануды;
  • оқ атуды және бағдарламада көрсетілген атыс жаттығуларын орындауды;
  • күндіз-түні ұрыстың әртүрлі түрлерінде взвод атысын басқаруды.
Әскери атағы
Запастағы кіші сержант
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу