Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі 2021-2022 жылға арналған Global UGRAD бағдарламасына құжаттарды қабылдау кезеңі 2021 жылдың 4 қаңтарынан бастап ашылатындығын қуана хабарлайды. Global UGRAD бағдарламасы студенттерге АҚШ-тың колледж немесе университетінде 1 академиялық семестр ішінде оқуға, АҚШ-та мәдени және білім тәжірибесін алуға және біліміңіз бен дағдыларыңызды кеңейтіп, америкалық мәдениет пен құндылықтар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Global UGRAD бағдарламасына тапсыру үшін 2021 жылдың 4 қаңтарынан бастап, осы сілтеме https://webportalapp.com/sp/login/n9bqhdalu1 арқылы тіркеліп, онлайн сауалнаманы толтырыңыз. Құжаттарды тапсырудың соңғы күні – 2021 жылдың 28 ақпаны.

Бағдарлама толығымен Америка Құрама Штаттарымен қаржыландырылып, төмендегідей шығындарды қамтамасыз етеді:

  • Туған қаладан қабылдаушы америкалық университет бағыты бойынша халықаралық билет; 
  • АҚШ-та оқу және тұру;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Тегін оқу – айлық стипендия;
  • Оқу барысында қатысушылар күнделікті тамақ (күніне үш мезгіл тамақтана алады);
  • Қазақстанда АҚШ-қа сапарға дайындық кездесуіне қатысу;
  • АҚШ-қа келгеннен кейін онлайн кездесу; 
  • Вашингтон, Колумбия округіндегі бағдарлама түлектеріне арналған семинарға қатысу.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Global UGRAD –Қазақстанның жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімінде оқитын және АҚШ-та бағдарламаның аяқталуынан кейін, қатысушының Қазақстанның жоғары оқу орындарында диплом алғанға дейін кемінде бір семестрін оқып, жалғастыратын студенттерге арналған АҚШ Мемлекеттік департаменті Білім және мәдениет бағдарламалар бюросының халықаралық студенттік алмасу бағдарламасы. Бағдарлама барлық қазақстандық жоғары оқу орындарында 1-3 курстағы және кез-келген мамандық бойынша оқитын студенттерге ашық. Бағдарламаға қатысушылар байқау негізінде анықталады.

Global UGRAD бағдарламасы АҚШ университетінде бір академиялық семестрді толықтай оқу үшін стипендиямен қамтамасыз етеді. Бағдарламаның қатысушысы АҚШ-та аккредиттелген төртжылдық жоғарғы оқу орнында оқып, студенттік жатақханаға орналасады. Қажеттілік туындағанда, финалистер қарқынды ағылшын тілі курсынан өте алады. (Бағдарлама финалистерінің 25% ғана осындай мүмкіндік беріледі). 2021 жылдың күзінде ағылшын тілінің даярлық курсы өтеді. Осы ағылшын тілінің даярлық курсын оқитын студенттер, негізгі оқуын 2022 жылдың көктемінде бастайды. Сонымен қатар, бағдарлама барысында қатысушылар қоғамдық жұмысқа белсене араласып, кәсіби семинарлар мен шараларға қатыса алады. 

Академиялық бағыт пен жалпы көрсеткіштерді ескере, Global UGRAD бағдарламасы студенттерді тиісті университеттерге орналастырады. Сондықтан, Global UGRAD бағдарламасы бойынша оқитын студенттер америкалық университеттерді таңдамайды. 

Global UGRAD бағдарламасының финалистері Америкада оқуға арналған дайындық кездесуіне қатысып, АҚШ-қа келгеннен кейін таныстыру кездесуінен өтеді және соңында семинарға қатысады. 

Global UGRAD бағдарламысына іріктеу барысында үміткерлердің жеке және қоғамдық жетістіктері ескеріліп, ашық байқау негізінде өтеді. Осы байқауға келесі талаптарға сай студенттер өтінім тапсыра алады: 

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және қазіргі таңда Қазақстан Республикасынның жоғарғы оқу орнында оқитын және Қазақстанда тұратын студенттер;
  • Global UGRAD бағдарламысының аяқталуынан және Қазақстанға оралғаннан кейін, қазақстандық университетінде кемінде бір семестрі қалатын және күндізгі оқу негізінде оқитын қазақстандық студенттер. Өкінішке орай, пандемияның жалғасуынан, осы жылға Global UGRAD бағдарламасына құжаттарды қабылдау мерзімі бойынша кеш басталып, үшінші курста оқитын студенттердің 2022 жылдың мамырынан кейін қазақстандық университетте оқуын жалғастыруға семестрі қалмайды. Алайда, 2022 жылдың мамырынан кейін семестрі қалмайтын үшінші курс студенттері бағдарламаға құжаттарын тапсыра алады. Финалистердің тізімдері 2021 жылдың мамырында белгілі болады. Егер сізді финалист ретінде бағдарламаға таңдасса, сіз төртінші курстан бастап яғни 2021 жылдың күзінен бастап академиялық демалыс ала аласыз. Осыған орай, АҚШ-та бір семестр бойынша 2021 жылдың тамыз-желтоқсан аралығында немесе 2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығында оқи аласыз;

  • 2022 жылдың мамырынан кейін қазақстандық университетте бір семестрі қалған жағдайда, кез-келген мамандық оның ішінде медициналық мамандықтар бойынша оқитын студенттер бағдарламаға тапсыра алады;
  • Global UGRAD бағдарламысының үміткерлері өздерінің көшбасшылық потенциалын, білім жетістіктерімен қатар қоғамдық саладағы белсенділігін көрсету керек; 
  • Сұхбаттан сәтті өткен жағдайда, үміткерлер TOEFL iBT ағылшын тілі тестін тапсыруға жолдама алады. Келесі кезеңге өту үшін үміткерлер кемінде 120 балдан 45 балл алу керек; 
  • АҚШ-та оның алдында оқымаған, АҚШ-та және шетелде болмаған үміткерлерге артықшылық беріледі; 
  • АҚШ-та оқуы аяқталғаннан кейін, 2022 жылдың қаңтары немесе мамыр айында Қазақстанға міндетті түрде оралуға келісім береді; 
  • Бағдарламаның басталу кезеңіне қарай қатысушы 18 жасқа толу керек. (Егер қазір жасыңыз 17 болса, құжаттарыңызды бағдарламаға қазір тапсыра аласыз);
  • Студенттердің оқу үлгерім көрсеткіші (GPA) кем дегенде 3.0 және одан жоғары болу керек.

Global UGRAD бағдарламысына келесі талаптар негізінде құжаттар қабылданбайды:

  • АҚШ азаматтарынан және АҚШ-та тұрғылықты тұрғын мәртебесі бар азаматтарынан;
  • АҚШ-та және шетелде оның алдында оқыған үміткерлерден құжаттар қабылданбайды;
  • Қазақстан Республикасынан тыс мемлекеттерде оқитын студенттерден және басқа мемлекеттерде оқитын, жұмыс атқаратын студенттерден;
  • Жергілікті АҚШ Елшілігінің, Бас Консулдығының, USAID қызметкерлерінен;
  • АҚШ Мемлекеттік департаменті және USAID ұйымының қызметкерлерінің жақын туысқандары мен отбасы мүшелерінен;
  • World Learning ұйымының қызметкерлері мен жақын туысқандары; отбасы мүшелерінен.

TOEFL ТЕСТІЛЕУІ

Тек екінші кезеңге өткен қатысушылар ресми ағылшын тілі TOEFL тестілеуін тапсырады..Тестілеу шығындары толығымен Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен қамтамасыз етіледі. 

Студенттің міндеттері

  • Үміткерлер ұмтылысы жоғары, көшбасшылық қасиеттерімен қатар академиялық жетістіктерін, қоғамдық саладағы белсенділігін, оқудан тыс шараларға белсене қатысатындығын көрсету керек. 
  • Қатысушы студент академиялық дәрежеге ие болмағанмен, оқу барысында алатын бағаларын және транскриптерін өз қазақстандық университетіне көрсетіп, әрі қарай оқуын жалғастыру үшін, толығымен жауапты.
  • Студент АҚШ-та қоғамдық жұмысқа кемінде 20 сағат қатысуы керек. Сонымен қатар, финалистер кемінде үш кредитқа толатын Американистика бағыты бойынша бір курсты таңдау керек. Мысалы: АҚШ-тың тарихы, көркем әдебиеті, өнері немесе америка үкіметі жайлы курс)
  • Америкалық университеттің академиялық талаптарын орындамайтын студенттер (уақытылы үй тапсырмаларын орындамайтын, нашар орындалған тапсырмаларды тапсырса, сабақты босататын студенттер) Global UGRAD бағдарламасының стипендиясынан айырылып, Қазақстанға қайтарылады. Қатысушылар оқуларын жақсы деңгейде үлгеріп, кемінде 2,0 GPA мен аяқтау керек.

БАЙҚАУ ҚҰЖАТТАРЫ:

  1. Толығымен толтырылған онлайн сауалнама;
  2. Мотивациялық және көрсетілген тақырыптар бойынша шығармалар. (Онлайн сауалнамада шығарма тақырыптары көрсетілген);
  3. Төл-құжаттың немесе паспорттың көшірмесі (паспортыңыз/төлқұжатыңыз болмаған жағдайда, жеке куәлігіңіздің скан көшірмесін жүктеңіз);
  4. Ағылшын тіліне аударылған университеттегі оқу көрсеткішін көрсететін академиялық транскрипті (өзі аударған транскрипті үміткер тапсыра алады);
  5. Ағылшын тіліндегі екі кепілдеме хаты. 

Бағдарламаға үміткерлер төмендегі талаптарға сай құжаттарды тапсыру керек:

  • Сауалнаманың әрбір сұрақтарына толық және нақты жауап беріп, жеткілікті сөзді толық қамтып, эссенің негізін ойын ашу керек; (400-600 сөзге толуы шарт);
  • кепілдеме хатты беретін адам, ағылшын тілінде жаза алмаса, мүмкіндігінше, нотариалды расталған ағылшын тіліне аударылған екі кепілдеме хатты онлайн жүйеге жүктеу керек. Кепілдеме хаттың біреуі оқытушымен немесе университеттегі академиялық тәлімгермен толтырылуы керек. Бірінші курс студенттері кепілдеме хаттың біреуін мектеп мұғалімінен алып, екінші хатты өзі қатысатын үйірме немесе студенттік ұйымнан сұрай алады. Кепілдеме хатта кепілдеме берушінің толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, байланыс ақпараттары және э-поштасы көрсетілуі керек;
  • екінші кепілдеме хат басқа оқытушыдан, жұмыс берушіден, жаттықтырушыдан, алдыңғы алмасу бағдарламасының үйлестірушісінен болу керек. Үміткердің отбасы мүшелері және достары кепілдеме хатты жаза алмайды;
  • бакалавриатта оқу барысында алған ресми академиялық транскриптердің барлығын ағылшын тіліне аударып, нотариалды расталған көшірмесін онлайн жүйеге жүктеу керек. Бағалар университеттің ресми құжаттында беріліп, декан немесе құзырлы университеттің лауазымды қызметкерінің қолымен және елтаңба салынған мөрімен расталуы керек.
  • транскрипте көрсетілмеген жағдайда, студент осы жылы университетте ресми түрде оқитындығын растайтын құжатты онлайн жүйеге жүктеу қажет. Аталған құжатты ағылшын тіліне аудару міндетті емес;
  • сіздің сауалнамаңыз толығымен толтырылып, барлық құжаттарды жүйеге жүктегеннен кейін, «Submit» батырмасын таңдаңыз. «Submit» батырмасын басқаннан кейін, ешқандай ақпаратты өзгерте алмайсыз. Сондықтан, барлығын мұқият және толықтай толтырғаныңызға көз жеткізіп, «Submit» батырмасын басыңыз. 
  • Транскриптердің және кепілдеме хаттардың мазмұны толығымен тиісті мекемелермен және оқытушылармен тексеріледі. 

Сауалнама үміткердің жеке жұмысын толықтай көрсету керек. Басқа адамның немесе басқа ресурстарда көрсетілген сөздерге, ойларға, тұжырымдамаларға ұқсас және басқа автордың ойын өз ойы ретінде көрсететін жауаптар мен эсселер қарастырылмайды. Үміткердің сауалнамасында немесе шығарламарында көрсетілген кез-келген плагиат болса, байқаудан сол сәтте алынып тастауға негіз болып табылады.  

Үміткерлерге кеңес: Білім орталықтары, консультанттар және бағдарлама түлектерінен эссені жазу үшін көмек сұрамауыңызды өтініп сұраймыз. Әрбір сауалнама мұқият іріктеуден өтеді. Академиялық адалдықты бұзған, сауалнаманы толтыру және эссені жазу үшін көмек алған үміткерлер анықталғаннан кейін, сол сәттен бастап іріктеуден шектетіліп, болашақта басқа да АҚШ Мемлекеттік департаменті бағдарламаларына құжаттары қарастырылмайды. Егер де сіз эссені Global UGRAD бағдарламасына үміткердің өзі жазбағаны туралы білсеңіз, осы э-поштаға жазуыңызды сұраймыз [email protected].

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 

Мерзімнен кеш немесе толық емес сауалнамалар қарастырылмайды. Сауалнамалар онлайн түрде 2021 жылдың 28 ақпанына дейін тапсырылуы тиіс. Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер 2021 жылдың мамыр айында хабарлама алады. 

БАЙҚАУ ШАРАЛАРЫ

Барлық қатысушылар байқау негізінде іріктелінеді. Қабылдау комиссиялары талаптарға сай өтінімдерді қарастырады. Жартылай финалистер сұхбатқа шақырылады. 

Бағдарламаға қатысты соңғы шешімді Вашингтон, Колумбия округіндегі АҚШ Мемлекеттік департаменті Білім және мәдениет бағдарламалар бюросы қабылдайды. 

Global UGRAD бағдарламасы басталмай тұрып, барлық жеңімпаздар медициналық сараптамадан өтіп, тиісті егу кітапшасын көрсету керек. 

Бағдарламаның соңында, қатысушылар америкалық университеттен оқу транскриптін алады. Сонымен қатар, Global UGRAD бағдарламысына қатысып, оқығандығын растайтын грамота алады. Алайда, қазақстандық оқу орнына алмасу бағдарламасы бойынша алынған транскриптін кредиттерін есептету студенттің жауапкершілігі.

Sur-Place стипендиясы

Жалпы ақпарат

Конрад Аденауэр атындағы Қор Sur-Place жергілікті стипендиясына конкурс жариялайды.

Конкурсқа кім қатыса алады?

Қазақстанның ЖОО-да (жоғары оқу орындарында) күндіз оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары қордың стипендианттары бола алады  - бакалаврлар немесе магистранттар. Ерекшелік ретінде соңғы курста оқитын студенттерге стипендия тағайындалуы мүмкін. Құжаттарды тапсыру кезінде қатысушының жасы 30-дан аспауы тиіс.

Конкурстық іріктеу кезінде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысатын, белсенді өмірлік ұстанымы, кең дүниетанымы бар және көздеген мақсатына жете білетін студенттерге басымдық беріледі. Шет тілін білу құпталады, бірақ міндетті болып саналмайды.

Стипендияны төлеу мерзімі

Стипендия 6 айға беріледі (ұзарту мүмкіндігімен).

Конкурстық іріктеу

Конрад Аденауэр атындағы Қордың болашақ стипендианттары екі сатылы конкурстық іріктеуден өтеді: төменде көрсетілген тізім бойынша құжаттарды тапсыру және сұхбаттасу болады.

Конкурсқа қалай қатыса алу керек?

Конкурсқа қатысу үшін электронды түрде құжаттардың толық пакетін (төменде көрсетілген) келесі электрондық поштаға жіберу керек: [email protected] 

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 31.12.2020 

Сұхбаттасумен байланысты сапар шығындары

Сұхбаттасуға қатысқан жағдайда шығыстарды (жазбаша хабарламадан кейін) Қор өзіне алады. Қатысушылар өздері сапар үшін жауапты болып табылады.

Қажетті құжаттар тізімі

Толық тізімге келесі құжаттар кіреді (ағылшын немесе неміс тілдерінде):

  1. Кандидаттың толтырылған сауалнамасы фотосуретпен (сауалнама нұсқасын www.kas.de сайтынан жүктеп алуға болады);
  2. Түйіндеме;
  3. Мотивациялық хат (2 парақтан артық емес);
  4. Транскрипт (студенттің бағалары) (аударма міндетті емес);
  5. Оқу орнынан алған анықтама қағазы (аударма міндетті емес); 6) Қосымшасы бар бакалавр дипломы (магистранттар үшін).

Сұхбаттасуғашақырылған үміткерлер құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуы қажет.

Қосымша ақпаратты [email protected] электронды поштасына, сондай-ақ +7 7172 925 630 байланыс телефонына хабарласу арқылы білуге болады. Сіздің конкурсқа қатысуыңызға риза боламыз және Сізге сәттілік тілейміз!

Бағдарламаның мақсаты - түрік жоғары оқу орындарының және басқа елдердің жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен студенттері арасындағы академиялық алмасу.

• Мевлана бағдарламасы - Түркиядағы негізгі білім беру бағдарламаларының бірі.

• Студенттер шетелде бір (минимум) немесе екі (максимум) семестрде оқи алады.

• Мұғалімдер шетелде бір аптадан (ең азы) үш айға дейін (ең көбі) дәріс оқи алады. Сәйкесінше, осы бағдарламаның арқасында студенттер мен оқытушылар шетелде білім алу тәжірибесін жинап, білім деңгейлерін арттыра алады.

 Мевлана алмасу бағдарламасына қатысу шарттары:

• Бакалавриат, магистратура және докторантураның студенті болыңыз

• бакалавриат студенттері үшін - GPA кемінде 2,5 / 4,00

• магистранттар мен докторанттарға арналған. Орташа балл 3.00 / 4.00 кем емес

• ағылшын немесе түрік тілдерін білетіндігін растайтын сертификаттың болуы

* Бірінші курстың бірінші курс студенттері, магистранттары мен докторанттары бұл бағдарламаға қатыса алмайды

Мевлана алмасу бағдарламасы бойынша стипендиялар:

• Студенттер айына 750 түрік лирасының 70% алады

• Қалған 30% студентке олардың сәтті аяқтағанына сәйкес беріледі

• Бір семестрде студент 4 айға ақша алады (3000 түрік лирасы)

* Студенттер оқу ақысын төлемейді және қабылдаушы университеттің пайдасына ешқандай қосымша шығындарға ұшырамайды, бірақ келген оқу орнында міндетті оқу ақысын төлей береді (егер олар ақылы бөлімнің студенттері болса).

Мевлана алмасу бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар:

• сауалнамалар

• Транскрипт

• Оқу орнынан анықтама

• тілді білу - сертификат (ағылшын немесе түрік)

• Паспорттың көшірмесі

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:[email protected]
Жаңалықтарға жазылу